Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Бақылау диктанты
Оқу мақсаты: 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру «Ашық микрофон» ойыны
Оқушылар бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Мысалы, сын дегеніміз не? сын есімнің түрлерін ата т.с.с.
Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
(МК) Диктант жазуға қойылатын талаптар:
1. Мәтін жазбас бұрын оқушыларға оны ынта қойып тыңдау, мазмұны бойынша жазу ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру керек.
2. Оқылған сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап қалай жазылатынын еске түсіріп барып жазу.
3. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды.
3.2.4.1. (Ө; МК; Ұ) Мұғалімнің диктантты алғашқы рет оқуы.
«Айжан қыз»
Бірде Құрманғазы мен Дәулеткерей екеуі күйші қыз Айжан аулына келеді. Халық оның өнеріне өріс тілеп, өзін қадірлейтін.
Айжан қыз қонақтарына зор қошемет көрсетті. Ол алғашында халық арасына ең тараған көне күйлерді тартады. Соңынан өз туындыларын да төгілдірді.
Міне, осы кезде күйші қыздың өнеріне сүйсініп, риза болған Құрманғазы күй шығарады.
Дәулеткерей бұл күйді «Айжан қыз» деп атады.
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
1. Мәтін не туралы?
2. Мәтін неге «Айжан қыз» деп аталады?
Таныс емес жазылуы қиын сөздер: өріс тілеп, зор қошемет, көне күйлер.
Сөздік жұмыс:
Өріс тілеп – кеңейгенін тілеп;
Зор қошемет – құрмет көрсету, риза болу;
Көне күйлер – ерте заманнан келе жатқан күйлер......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР