Атақты тұлғалар туралы жазу Алаштың Әлиханы (3 сынып, III тоқсан )

 Атақты тұлғалар туралы жазу Алаштың Әлиханы (3 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар туралы жазу.Алаштың Әлиханы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру:
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау.
Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу;
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру:
негізгі, туынды зат есім / сын есім / етістікті анықтау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
өз сөзімізді жоспарлап, сөйлеу әдебін сақтауды;
пікір білдіру үшін қойылатын сұрақтарды құрастыруды үйренеміз;
негізгі және туынды етістікті анықтауды үйренеміз.
(Ж.Т) Ой бөлісейік
Суреттегі адамдар жайында не білесің?
Олардың атқарған қызметтерінде қандай ұқсастық бар?
Ел басқаратын азаматтың бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың ?
Ықтимал жауаптар: оқушылар Абылай хан мен Елбасы жайында өз білген мәліметтерін айтады. Абылай хан қазақ хандығын басқарғаны жайлы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі тәуелсіз елдің Елбасы екендігін айтады.
Дифференциация
Суреттегі тұлғалардың кімдер екендігі жайында әңгімелеуді сөйлеу қабілеті төмен оқушыларға, олардың атқаратын қызметі жайында айтуды сөздік қоры орташа оқушыларға, тұлғалардың қызметтеріндегі ұқсастықтарды табуды және салыстырып әңгімелеуді зерек оқушыларға орындауға ұсыну.
Оқушылар Әлихан Бөкейханов жайында оқулықта берілген ақпаратты оқиды.
Мәліметті есте сақтап жаз.
Әлихан Бөкейханов (1866-1937) – аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Жәнібек пен Керей, Абылай хандар секілді қазақ елінің тұтастығы мен жарқын болашағын ой лап, көп еңбек етті.
https://www.youtube.com/watch?v=ldbPVL4ORhk
«Қадамдық тыңдалым» әдісі арқылы орындатады. Оқушыларға бейнежазбаны көруден бұрын мынадай сұрақтар жиынтығы беріледі.
Ерден ата қандай фото- альбом сатып алды? Алашорда үкіметін кім басқарды? Неліктен Ала- шорда үкіметі құрылған кезең
«Қазақ елі тарихындағы жұлдызды кезең» болып
саналды?
Фотоальбомда кімдердің су- реттері беріл- ген? Алашорда үкіметінің құрамында кімдер болды? Мағжан Жұмабаев не себепті Алаш зиялыларын «алтын айға қол созған ұрпаққа» теңеген?
Алаш деген атаудың мағынасын білесің бе? Алашорда үкіметінің міндеті қандай болды? Бүгінгі таңда еліміз Алаш ардақтыларының аңсаған арманына қалай қол жеткізді ме
Бейнежазбаны тыңдау кезінде керекті бөлігінде тоқта- тып, сұрақтың төменгі бөлігіндегі бос орынға түсіне алғандарынша жауап жазуларын жазады. Жауап жаза алмаған жағдайда бос қалдыруға болатыны ескертіледі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы жайында қысқаша баяндайды. Алғашында қазақ хандығы болғаны, оны хандар басқарғаны, Алашорда жайында, Алаш зиялылары туралы, бүгінгі Тәуелсіз еліміз бен Елбасымыз жайында шағын мәліметтер айту.
Соңында оқушылар оқулықта берілген мәліметті есте сақтап жазады. Оқушылар өз болжамдарымен жаңа алған мағлұматты салыстырады.
Дифференциация
Кестенің бірінші қатарындағы сұрақтарға қабілеті төмен оқушылар, екінші қатарындағы сұрақтарға қабілеті орта деңгейдегі оқушылар,үшінші қатарындағы сұрақтар зерек оқушылар жауап жазып көретіндей етіп ұйымдастыру.
Оқиық
Өжет бала
Әлиханның тілі алты жасында бір-ақ шығыпты. Онда да аз сөйлеп, көп тыңдайды екен. Ұлының ерекше болып өсіп келе жатқанын ата - анасы да байқайды. Денесі шымыр, қимыл-әрекеті шапшаң болған. Әкесі Әлиханды жеті жасында Қарқаралыға әкеліп, Зариф молда медресесіне береді. Артынан 4 сыныптық бастауыш мектепке түседі. Зеректігімен өз ортасында абыройлы болады. Емтихандарын жақсы бағаға тапсырып, үздік оқушы болып шығады. Ол кездегі мектептерде қосымша кәсіп үйрететін. Сонда Әлихан етікші ісін таңдап алады Бір күні мектепке атақты генерал-губернатор Колпаковский келеді. «Бұл мектепте қандай қазақтар оқып жүр екен?» деген сын көзімен қарайды. Сонда Колпаковский оқушыларға жұмбақ жасырады. «Омбыдан мына пәуескемен келдім. Қарқаралыға жеткенше Омбыдан шыққан пәуескенің дөңгелегі қанша рет айналды? Осыны қайсысың шығара аласыңдар?» – деп менсінбей қарайды. Сонда топ ішінен жас бала жүгіріп шығып, белдігін суырып алып, пәуескенің дөңгелегін өлшейді де, қолына таяқ алып, жерді сызып, елдің көзінше есеп шығарып береді. Бұл 14 жасар Әлихан Бөкейханов болатын. Сонда генерал-губернатор қазақ баласының зеректігіне әрі батылдығына таңғалады.
«Ақ желкен» журналынан
Ықтимал жауаптар: медресе – оқу орны; пәуеске ерте замандағы көлік түрі; сын көзімен қарау – қандай да бір адамға не затқа сынап қарау.
Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір. Мәтіннің соңғы азат жолынан етістіктерді тауып, теріп жаз.
Құрастырайық
Мәтінге байланысты досыңның пікірін білу үшін сұрақтар құрастыр.
Сұраққа жауап беруге дайындал.
Үлгі:
Бала Әлиханның қай қасиеті оның зеректігін байқатады?
Неліктен?
Әлиханның зерек болып өсуінің сыры неде деп ойлайсың?
Оның табан астында есепті шешуін қалай бағалайсың?
Ықтимал жауаптар: «Әлихан қай қалада оқыды? Әлихан қандай медреседе оқыды? Ол қандай оқушы болды? Оның таңдаған қосымша кәсібі қандай?» деген сияқты сұрақтар құрастыруы мүмкін.
Жазайық
Сөйлемдерді оқы. Мәтіндегі асты сызылған сөздерді сөз құрамына талда.
Олардың қай сөз табына жататынын анықта.
Әлихан шапшаң қимылдайтын шымыр бала болған. Колпаковский балаларға есепті жұмбақтады. Әлихан таяқпен жерге сызып есептеді. Генерал Әлиханның зеректігі мен батылдығын ерекше бағалады.
Мәтіндегі асты сызылған сөздерге мағыналас сөздерді тауып, оларды мағыналық тұрғыдан салыстыр
Дифференциация . Мұғалім оқушыларды қабілет деңгейлеріне қарай үш топқа бөледі. Алдын ала түрлі пішіндегі топтамаларды әзірлеп қояды.
1-топ. Сөйлемдерді оқиды.Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады. Сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазады.
2-топ. Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады. Мәтіннен мағыналас сөздерді тауып мағынасын салыстырады.
3-топ. Мәтінді мұқият оқып, қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады. Қарамен берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 833



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?