Жақсы мен жаманды зерттеймін Ээ дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

 Жақсы мен жаманды зерттеймін Ээ дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы мен жаманды зерттеймін. Ээ дыбысы
Оқу мақсаты: 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
• үлгі негізінде э әрпі бар сөздерді есте сақтап сауатты жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
• мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
• сөз құрамында э дыбысын ажыратып, сауатты жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
• сөз құрамында э әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. «Мозаика» ойыны. Оқушылар ойын текшесін лақтырып, текше түскен суретті қатыстырып сөйлем құрастырады.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. (Ж ) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Жұмбақ шешу
Диқаншының еңбегін.
Қысы - жазы ақтайды,
Астықты тазалап,
Қай жерде сақтайды? (Элеватор)
Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ.
Не жоғары, не төмен
Сырғимын да жетем мен
Көзді жұмып, ашқанша - ақ. (Эскалатор )
- Оқушылар, э дыбысы туралы не білеміз?
- Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
(МК, Ө) Көркем жазу.
Мұғалім э дыбысының келесі әріппен байланысып жазылуын еске түсіреді. Тақтаға жазып көрсетеді.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
Ээ Ээ Ээ элеватор, эскалатор, электр шамы
Эльмира сабаққа кешікпей келді.
Дескриптор:
- сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады.
ІҮ.Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға бірнеше сөзді шапшаң айтады. Егер э дыбысы бар сөз айтылса, қол шапалақтайды.Э дыбысы жоқ сөз айтылса,қол шапалақтамайды.
Эльмира, Экспо, жиһаз, бала, вагон, цирк, дыбыс,чемодан,
эскимо, энциклопедия, ханшайым, электр, экскаватор, хабар Эдельвейс, гауһар ,Эленора, эксклюзив, эстафета, хор,ферма, фартук, автобус.
(Т)Ү. 3.4.1.1 э әрпі бар сөздерді сауатты жазу;
Терме диктанты
Мақсаты: «Э» әрпі бар сөздерді сауатты жазуды үйрету. Оқушылар мәтінді түгел жазбай,э әрпі бар сөз, сөз тіркестерін қатесіз көшіріп жазады.
Көшеде электр шамы жарқырайды.Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Маржан үй шаруасына епті екен. Бәрінен де қызық эстафета ойнау болды. Оқушылар аулада футбол ойнады. Қалада экспресс автобустар барар жеріңе лезде жеткізеді. Эфир майының хош иісі бар.
- сөздердің айтылу мен жазылу ерекшелігіне мән беру;
- эстафета сөзіне дыбыстық талдау жасау;
Қаблеті жоғары оқушылар сөйлемдерді көшіріп жазады.
Жұпта жұмыстарын өзара бағалайды.
Дескриптор:
- сөз құрамындағы э дыбысын ажыратады;
- сөздерді, сөз тіркестерін қатесіз, сауатты көшіреді;
(Ө,Ұ,Т) ҮІ. 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
Өлеңді оқу. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табу.
Оның атын кім дейміз?
- Шалбар жатыр қуыста,
Жейде жатыр бұрышта,
Бас киім мен бәтеңке
Бірге тұрса дұрыс па?!
Оның атын кім дейміз?
- Салақ бала бұл дейміз.
- Олпы-солпы кигені,
Қадамақ боп түймені,
Саусағына байқамай
Шаншып алды инені.
Оның атын кім дейміз?
- Олақ бала бұл дейміз.
- Бірін түртіп жылатты,
Бірін шалып құлатты.
Аяқ-қолда тыным жоқ
Ала құйын сияқты.
Оның атын кім дейміз?
- Тентек бала бұл дейміз.
- Атқа қарғып мінбейді,
Суда жүзе білмейді.
Көше жарық болса да,
Жалғыз өзі жүрмейді.
Оның атын кім дейміз?
- Қорқақ бала бұл дейміз!
- Күнде ұйқысы қанбайды,
Жұмсағанға бармайды.
Теледидар алдында
...краннан көз алмайды
Оның атын кім дейміз?
- Жалқау бала бұл дейміз! (Ақылбек Қожаұлы)
Әр шумақ мәнерлеп оқытылады. Соңғы шумақтағы көп нүктенің орнындағы әріп таптырылады. Э дыбысы мен әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.
(Т)«Еңбекқор бала», «ұқыпты бала», «өжет бала», «тәртіпті бала», «шыншыл бала» қандай болатындығы туралы әңгімелеу. Сызбаға салу. Сынып алдында жұмысты таныстыру.
(Ж) «Сен қандай баласың?» тақырыбына «расында», «меніңше», «шынымды айтсам», «сеніңше қалай» сөздерін пайдаланып сөйлесу.
Жұптағы оқушылардың бірінің сұрақ қойып, екіншісінің жауап
беруі өзара бақылау арқылы бағаланады.
Дескриптор:
- өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтай алады;
- мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады; .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 142



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі