2- сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

 2- сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 2- сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Жағымды тілектер алқасы» әдісі
Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп:
«Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен.
Қазір ұзын жіптерді әрқайсысын алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байлау керек. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»
(Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады)
І1. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу. Әріп элементтерін жазу:
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады
Мұғалім бөлім тақырыбы мен, сабақ тақырыбын таныстырады.
Өлеңді оқып береді.
Жақсы мен жаман
Абдрахман Асылбеков
Сұрақтар:
1. Өлең не туралы?
2. Бұл өлең неге «Жақсы мен жаман» деп аталған?
3. Өлең мазмұнында қандай жақсы, қандай жаман қылықтар айтылған?
4. Осыдан өзің қандай қортынды шығарар едің?
(ӨЖ) Шығармашылық сәт.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Жақсы деген ... ... ,
Жаман деген ... ... .
Жақсы өмір ... ,
... боп күлгенің.
Өзара бағалау
Бағалау дескрипторы:
- өлең не туралы екенін анықтайды;
- сұрақтарға жауап береді;
- жақсы мен жаман қылықтар туралы топта талқылайды;
- тақырып мазмұнын ашатын мақал-мәтел тауып айтады;
- жақсы мен жаманды айыра алады;
- тапсырманы қатесіз, бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтай отырып, жазады;
(Ұ, Т, ӨЖ) Тыңдалым. «Данышпанның жауабы» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мұқият тыңдап, мағынасын түсінбеген сөздерді түртіп алу керектігі айтылады.
(Ж, Т, қ) Оқылым. «Данышпанның жауабы»
Мәтінді өз бетінше түсініп оқып, кестені толтыр.
Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарды әр топ 2 сұрақтан құрастырады. Топтар бір бірінің сұрақтарына жауап жазады. Әр топ өз сұрақтарына алған жауаптарын бағалайды.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс.
«Ел кезуші», «дәруіш қария», «даңғой», «күншіл», «көзсіз ерлік» сөздерінің мағынасын ашу
Шәкірттер Жақсы қасиеттер Жағымсыз қасиеттер
Гун
Лун
Чжон
Бағалау дескрипторы:
- мәтінді тыңдайды;
- түсініксіз сөздерді түртіп алып, мағынасын ашады;
- мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды табады;
- мәтін бойынша сұрақтарды құрастырады, оларға топта жауап жазады;
- кестені толтырады;
- қарамен жазылған сөздерге назар аударады;
ТЖ) Нақыл сөздің мағынасын аш.
Мақсаты: Адам өз өмірінің сәтінен өмірдің жақсы жақтарын көре алса, әрқашан жақсылық жасауға бейім болатынын ұғындыру.
- Жақсылық жасауды қайдан, қалай үйренуге болады?
Жақсы ой мен жақсы сөз
Жақсы істерге жетелейді...
Ы. Алтынсарин
(Ө,Ж, Қ) Шығармашылық диктант.
Көп нүктенің орнына б-в, п-ф әріптерінің тиістісін қойып жаз.. Оқушылар соңында дәптерлерін алып өзара тексереді.
1.Аулада …онтан бар. 2. Бұл – темір жол …окзалы. 3. …арида …ерғанада тұрады. 4. Аяқ киім …абрикасы қала шетіне орналасқан. 5. Менің анам …ермада істейді. 6. Сендер …елосипедтің қандай түрлерін білесіңдер?
Бағалау дескрипторы:
- мақал мағынасын ашып, пікір алмасады;
- көп нүктенің орнына б-в, п-ф әріптерінің тиістісін қойып жазады;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, дұрыс, біркелкі жазу;
Сергіту сәті «Көңілді күн»
(Т; Ұ, қ) Суретпен жұмыс
Мақсаты: Сурет бойынша мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау
Оқушыларға сурет көрсетіледі. Берілген суретке қарай отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтау керектігі айтылады.
- Суретке қандай тақырып қоюға болады?
- Арман мен Болаттың іс әрекеттеріне қандай баға берер едіңдер?
- Өздеріңнің құстарға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?(саралау сұрағы)
(Топта оқушылар өзара пікіралмасып негізгі ойларын таныстырады.)
Бағалау дескрипторы:
- суретке зер салып қарайды;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- ойын жеткізе алады;
- жақсылық жасаудың маңыздылығын түсінеді;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 582



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!