25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

 25-сабақ Ф дыбысы (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 25-сабақ Ф дыбысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
Оқушылардың көпшілігі:
- сөз құрамында ф дыбысын ажыратып, сауатты жазады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
Оқушылардың кейбірі:
- сөз құрамында ф әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
Сабақ барысы: (Т) Сөзжұбақ шешу. Оқушылар үй тапсырмасы ретінде орындаған сөзжұмбақтарды шағын топтарға тарату. Оқушыларды қатар тұрған 2 парта оқушыларын біріктіру арқылы топ құрау. Сөзжұмбақ шешуін таныстырады.
Сабақтың мақсатын хабарлау және бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу.
3.4.1.1 (МК; Ұ,Т) Жұмбақты оқып, шешуін табу.
Ф дыбысы туралы білетінін еске түсіру.
24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады (ф әрпі).
Ф дыбысы туралы білімін еске түсіру. Артикуляциялық жаттығу: п-ф дыбыстарын салыстыру
3.4.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Есте сақтау диктанты. Өлеңді жатқа жазу. Ф әрпі бар сөздерді сауатты жазу.
25-жаттығу.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары:
1. Тақтаға өлеңді жазып қою немесе оқулықты қолдану.
2. Өлеңді оқу үлгісін көрсету.
3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
4. Өлеңді жаттау (1 минут).
5. Жатқа жазу
6. Құрамында ф әрпі бар сөздің астын сызу.
7. Жазған өлеңді оқулықпен тексеру.
Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің жұмыстарын өлең мәтіні бойынша тексеріп, қате кездескен жағдайда астын жай қарындашпен сызып белгілейді. Сыныпта жиі жіберілген қате түрімен арнайы қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден іздеу.
Өлеңдегі ф дыбысы бар фойе, фестиваль, Фатима, финал, флейта сөздерінің мағынасын дереккөздерден іздейді.
Флейтаның қандай аспап екенін талқылап, тағы қандай музыкалық аспаптарды білетінін айтады.
Ф дыбысы туралы білімдерін пысықтап, тұжырымдарын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырады. Ой қорытындысын жасайды.
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген жалқы есім мен жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Файзолла, Фатима, Мұстафа, Фархад, саф.
«1 минуттық жазу» құрамында ф әрпі бар сөздер қатарын жазу.
Дескриптор:
- сөздің дыбыстық құрамын ажыратады;
- - ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады.
Саралау
Құрамында ф дыбысы кездесетін жалпы және жалқы есімдер кестесі.
Сергіту сәті. Көзге арналған тренажер
3.1.2.1 (МК; Ө, Ж; Қ) Болжау. «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі. «Бұзау әкелу» тақырыбы бойынша берілген сурет арқылы мәтін мазмұнын болжау.
Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болуы мүмкін?
Футбол добы мен бұзаудың қандай байланысы болу мүмкін?
Футбол добы, бала, футбол алаңы суреттері.
(Ұ, Ж,Т) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді тыңдау. Мәтінге ат қою.
26-жаттығу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Мәтіннің тақырыбы неліктен «Доп ойнаймын» деп аталған?
- Осы мәтіннен өзің үшін қандай қорытынды жасар едің?
- Өзенбайға кешіріммен қарауға 2 дәлел келтір.
- Өзенбайға кемшілігін жою үшін кеңес бер.
(Ө; Ұ, Қ) Мәтіннің соңын болжау.
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша мәтінді өзі жалғастырып, қалай аяқтайтынын болжайды. Оқулықта берілген қай жауап өзіне ұнағанын айтып, себебін түсіндіреді.
Дескриптор:
- негізді болжам жасайды;
- өз ойын тұжырымдай алады. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 430



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!