1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )

 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сабақ мақсаты: 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды қайталау.
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру.
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма. 3.1.1.1
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Нұрлыбек ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап асырады. Оған Ақтөс деп ат қойды. Бауырын жаңа көтерген күшік тәлтіректеп жүгіріп, тіпті шәуілдеп үретін. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы күшік болды. Ол Нұрлыбекке әбден бауыр басып алып, қасынан бір елі қалмайтын. Есік алдындағы тауықтарды қуып, балаша ойнайтын еді. Нұрлыбек оған мәз болатын.
Сабақта апайы:
– Үйде жануардың суретін салып келіңдер, – деп тапсырма бергенде Нұрлыбектің есіне бірден күшігі түсті.
Үйге келе сала Нұрлыбек қолына қағаз-қарындашын алып, өз бөлмесіне кіріп кетті.
Сәлден соң:
– Әже, Ақтөстің суретін салдым! – деп жүгіріп шықты.
Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да, суретке қызыға қарап:
– Шынында да, аумайды екен, – деді.
1.1 Мәтіндегі тірек сөздердің қатарын анықта
1.2 Нұрлыбек күшігінің қандай іс-әрекетіне мәз болады?
_______________________________________________
Ол неліктен Ақтөстің суретін салды деп ойлайсың?
____________________________________________
1.3 Нұрлыбектің қандай дұрыс әрекеттерін байқадың? Оның бұрыс әрекеті бар ма? Жұпта жазбаша сөйлес.
Оқылым. 3.2.1.1; 3.2.4.1
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Шыжыған ыстық. Болжан, анасы мен әжесі үшеуі автобус аялдамасына терлеп-тепшіп әрең жетті. Көп күттірмей, автобус та келе қалды. Оң жақтағы орындарға күн сәулесі түсіп тұр екен. Болжан сол күн жақтағы орындардың біріне отырды. Әжесі мен анасы көлеңке бетке жайғасты.
Анасы:
– Мұнда кел! Көлеңкеге отырмайсың ба? Үйіміз алыс, екі сағаттық жер, – деді.
– Әже-апа, сіздер келіңіздер! Автобус қаладан шыққан соң, солға бұрылады. Сонда осы бетке күн түспейді.
– Жұрттың бәрі күн жаққа отырыпты. Көшіп отырайық, келін, – деді әжесі. Сөйтіп, екеуі Болжанның қасына ауысып отырды. Автобус та орнынан қозғалып жүріп кетті.
Расында, көп ұзамай қаладан шыққан соң автобус солға бұрылды. Енді көлеңке Болжандар отырған жаққа түсті. Автобус жарты жолға жеткенде әжесі:
– Ақылыңнан айналайын, қоңыр қозым! Көлеңкеде отырғанымыз – сенің арқаң ғой! – деп немересіне риза болды.
Болжанның көңілі жадырап сала берді.
2.1 Мәтіннің түрін анықта.
__________________________________________________
2.2 Мәтінге ат қой.
________________________________________________________
2.3 Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().
2.4 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап жаз
__________________________________________________......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 568



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?