Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы )
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;
• үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
• сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек тілеу.
(Ұ) «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.
Қаратпа сөз дегеніміз не?
Қаратпа сөздің тыныс белгілері қалай қойылады?
Мұғалімнің сабақ мақсатымен таныстыруы
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзету,
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолданып,тыңдарманның назарын аударту, қаратпа, қыстырма сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қою.
(МК, Ө) Көркем жазу.
Мақсаты: Оқушылардың көркем жазу дағдыларын дамыту.
Ққ
Қызық қорық қатық
Әріптердің биіктігін қандай болу керек?
Қ дыбысынан басталған сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Мысалы, Қалтай қалаға қызыға қарады.
(Ө) 1-тапсырма Жазылым. «Дұрыс жазамын» әдісі
1. Көру диктантын жазу. Қатемен жұмыс жасау.
Мақсаты: диктантты жазу арқылы оқушылар сол сөздердің жазылуына ерекше мән беруге үйренеді.
(Оқушылардың екі- үш рет оқып – шығуына, жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім мәтінді жауып қояды. Оқушылар оқығандарын естеріне түсіріп жазады.)
Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?
- Е, балам, сәті түскен күні келеді, - деді атасы
-Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім білдіремін, - деді Жарас.
-Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.
2. (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Жазған жұмыстарын мұғалімнің басшылығымен тексеріп, қатемен жұмыс жасайды, ателерін тауып, түзетеді.
- Сөйлемдер реті сақталған ба?
- Тыныс белгілері дұрыс қойылған ба?
- Қате кездеседі ме?
Саралау.
1. Мәтінді оқып, есте сақтап, грамматикалық, орфографиялық қателерді түзетіп жазады.
2. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету (кеспе қағазға жазылған мәтінді үш-төрт рет оқуға мүмкіндік беру, кей жағдайларда тыныс белгілеріне, сөздердің жазылуына көңіл аудартып, қатесіз көшірту, есте сақтау)
Бағалау дискрипторы
- мәтінді оқып есте сақтайды;
- грамматикалық, орфографиялық қателерді түзетіп жазады;
(МК; Ұ)
2-тапсырма Мәтінді рөлге бөліп оқу. Тыңдарманның назарын өзіне аудару.
(Тыңдарманның назарын өздеріне аударып, мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтін арқылы Жер-Ана туралы білгенін айтып, өз ойларымен бөліседі)
Бағалау дескрипторы
- мәтінді рөлге бөліп оқи алады;
- ым, ишара, қаратпа сөздерді дұрыс қолданып, тыңдаушыны өзіне қарата алады;......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle