Мейвезер: Сауль Альварес Геннадий Головкинді нокаутпен жеңеді

Мейвезер: Сауль Альварес Геннадий Головкинді нокаутпен жеңеді

Әйгілі америкалық боксшы Флойд кіші Мейвезердің (49-0, 26 КО) пікірі бойынша мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) шаршы алаңда қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) еш қиындықсыз жеңе алады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«Канело» GGG-ді жеңуге қауқарлы. Ол тіпті, кездесуді уақытынан бұрын әрі нокаутпен жеңеді десем қателеспеген болар едім. Егер Брук бірнеше жойқын соққысын дарыта алған болса, не боларын ойлап көріңіздер. Альварес менің қарамағымдағы жігіт болса, жекпе-жектің қазіргі уақытта өтуіне жол бермес едім. Промоутер болып қызмет еткендіктен, бизнес жағындағы мәселелерді жақсы білемін. Бұл істі жоспарлы түрде жүзеге асыру керек», ­– деді Мейвезер.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы ұрыс алғашында 2016 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, мамыр айында мексикалық боксшы бұл кездесуден бас тартқандықтан орта салмақтағы оның WBC белбеуі Геннадийге берілді.

Осыған дейін Альварестің Головкинмен жекпе-жегін биылға жоспарлағаны әлемдік БАҚ беттерінде хабарланған. Мәліметтер бойынша, келіссөздер барысында қос тарап қаржы мәселесінде ортақ келісімге келе алмауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі