Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (З әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (З әрпі бойынша ат қою)

ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.

ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.

ЗАҒИРА - (қараңыз: Зағила).

ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.

ЗАҚИРА - араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИЛИЯ - араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИРА - араб тілінен - асыл арман, тәтті қиял, ой.

ЗАРА - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.

ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.

ЗӘКИЯ - араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗӘМЗЕГҮЛ - араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.

ЗӘМЗАМИЯ - араб тілінен — су тасушы.

ЗӘРИПА - араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.

ЗӘУРЕ - араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.

ЗЕЙНЕП - араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.

ЗЕЙНЕГҮЛ - араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.

ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.

ЗЕРЕ - иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.

ЗИБА - иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.

ЗИБАГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу.

ЗИЛА - араб тілінен — таза, ашық, айқын.

ЗИНИРА - араб тілінен - безенген көрікті, көркем.

ЗИНИЯ - араб тілінен - безенген, әшекейленген, сәнденген.

ЗИЯ - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле.

ЗИЯГҮЛ - гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.

ЗИЯДА - араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша.

ЗУРА - (қараңыз: Зәуре).

ЗҮБАЙДА - араб тілінен - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген.

ЗҮБАЙРА - араб тілінен - күшті, ақылды.

ЗҮЛФИЯ - араб тілінен - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.

ЗҮМРАТ - иран тілінен - қымбат, бағалы тас.

ЗЫЛИҚА - араб тілінен - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!