Мазмұнын айту (2 сынып, III тоқсан )

  Мазмұнын айту (2 сынып, III тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: Мазмұнын айту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) 2.1.2.1 Әңгімедегі оқиғаларды ретімен қойып, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтай алады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды. Мәтіндерді оқып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.
Шеңберге тұрып, «Біз де» ойынын ойнайды.
М: -Мен сабаққа қатысамын
-Біз де
М: - тәртіпті боламын
-Біз де
М:-бестік баға аламан
-Біз де
М: -балаларды оқытамын
-Біз де
Деген жауап болса, ойын аяқталады. Мұғалім оқушылардан олардың міндетін сұрайды. Оқушылар жауабы (оқу)
1) Балалар, суреттегі кейіпкер қай ертегіде кездеседі? (қызыл телпек)
2) Қызыл телпек қандай кейіпкер? (жағымды)
Олай болса, балалар, біз сендермен осы ертегіні оқып, білімімізді толықтырайық.
(Т) №1. Мәтінді оқып, берілген қағаз қиындыларындағы сөйлемдерді дұрыс орналастыру арқылы ертегінің соңын құрастырыңдар.
1-топ.
Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, – дейді.
Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейха бар еді. – Ал әжең қайда тұрады? – деп сұрайды қасқыр.
Мәтіннің соңындағы әр сөйлемді жеке-жеке беру қажет, ал оқушылар мағынасына қарай дұрыс орналастыру қажет.
– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
2-топ.
– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.
Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.
Қасқыр дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, – дейді.
Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.
Мәтіннің соңындағы әр сөйлемді жеке-жеке беру қажет, ал оқушылар мағынасына қарай дұрыс орналастыру қажет.
Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр.
Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.
3-топ.
– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:
– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді. Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көр пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
– Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді. Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр енді:
– Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп сұрайды.
– Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым.
– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
– Сені жақсы есту үшін, қызым.
– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені жақсы көру үшін, қызым. – Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
– Сені тезірек жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады. Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды. Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.
(Т) Мәтіннің соңындағы әр сөйлемді жеке-жеке беру қажет, ал оқушылар мағынасына қарай дұрыс орналастыру қажет.
Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.
№2. Қалған топтағы мәтіннің жалғасын тауып, қысқаша түсінгендеріңдерді айтыңдар.
№3. Мәтінге қатысты келесі топқа сұрақ дайындаңдар, жауабын тексеріңдер.
№4. Қызыл телпек туралы мультфильм көрсетіліп, түсінгендерін сұрау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 617



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі