Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері (2 сынып, II тоқсан )

 Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер/калиграмма құрастыру/ хабарлама құрап жазу
2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақ мақсаттары: Тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер,калиграмма құрастырады.Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, бастапқы бөліміне қарай отырып, оқиғаның соңын болжайды.
Сабақ барысы: «Кім бәрін біледі?» әдісі бойынша өткенді қайталау
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем нешеге бөлінеді?
-Мәтіннің түрлерін ата
-Ы.Алтынсарин туралы не білесің?
Жақсы.Біз қазір қандай бөлімді өтіп жатырмыз?
(Ұ) - Қазір сіздер әр түрлі дыбыстарды тыңдайсыздар.
- Бұл ненің дыбысы және қайда естисіздер?
Аудио жазба (есік қоңырауының дыбысы, мектептегі қоңырау дыбысы, телефон қоңырауының дыбысы) қойылады.
- Біз мектепте жүргенде осы дыбыстардың қайсысын естиміз?
- Осы дыбыс нені білдіреді?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін,қазір «Галереяны шарлау» әдісі арқылы «Дұрыс,бұрыс» ойынын ойнаймыз.
Қазір сынып ішінің әр жерінде жерінде жасырылған түрлі әрекеттерді білдіретін сөздерді тауып,тиісті бағанға жабыстыру.
Ендеше,бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Үзілісте не болу мүмкін?
-Қазір біз бір мәтінді оқимыз. Ол оқиға мектептегі үзіліс кезінде болған қызық жағдаят.
Мәтінмен жұмыс
-іштей оқу
-тізбектей оқу
Кеше үзіліс кезінде қызық оқиға болды. Қоңырау соғылғанда, біз дәлізге шықтық. Бір кезде үлкен, сұр мысықты көрдік. Бәріміз «Ол қайдан келді екен? Кімнің мысығы екен?» деп оның қасына бардық. Ол да бізге таңырқай қарады. Қайтадан қоңырау соғылды. Бізбен бірге мысық та сыныпқа кірді.
Сұрақтар:
1. Оқиға қайда болды?
2. Олар нені көрді?
3. Мысық қайда кірді?
4. Қалай аяқталды деп ойлайсың?т.с.с
«Автор орындығы» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру
Дескриптор:
Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Сөйлем құрылымын сақтайды
Дәптермен жұмыс:
Мектепке қатысы бар сөздерді теріп жазу және сөйлем құрау........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 080



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі