Адал достық (2 сынып, I тоқсан)

 Адал достық (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақтың тақырыбы: Шығарманың жанры туралы түсінік (өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, санамақтар, ертегі, әңгіме, өлең). Ернардың басынан кешкен хикаялары. Адал достық.
Оқу мақсаты: 2.6 Мәтін жанрын, стилін анықтау 2.2.6.1* мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақтың мақсаттары: Шығарманың жанрлары мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңдерді таныстыра,олардың жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйрету.
Сабақ барысы: (Ұ) Ой қозғау
Балалар мына жолдарды бірге оқып, сабағымызды бастайық
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Сабақ мақсаты
Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, әңгіме, өлеңнің ерекшеліктерін анықтауды үйренесің
Ауыз әдебиетіндегі өлең ,ертегі,санамақ,мақалдар бізге өткен ғасырлардан келген.Оларды біздің ата бабаларымыз шығарып, жатталу арқылы біздің уақытқа жеткен. Ауыз әдебиеті халықтың байлығы деп есептеледі.Әр отбасы бұл байлықты білуі тиіс.
Өздері білетін өлеңдерді еске түсіріп,айтқызу.
(Т)Енді өткен сабақтардағы білімімізді пайдалана, «әдебиет» сөзіне дыбыстық талдау жасап көрейік.
Әдебиет -7 дыбыс, 7әріп, 4буын, 4дауысты, 3дауыссыз
Ә-жіңішке дауысты дыбыс
Д-ұяң дауыссыз дыбыс
Е-жіңішке дауысты дыбыс
Б-үнді дауыссыз дыбыс
И-дауысты дыбыс
Е-жіңішке дауысты дыбыс
Т-қатаң дауыссыз дыбыс
Топтық өзін- өзі бағалау жүргізіледі.
Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
Мен не оқыдым?
(тақтаға «жұмбақ» сөзін іліп қоямын)
Жұмбақтың өлеңнен ерекшелігі неде ?
(Ө)Бір оқушыға оқыту.(слайдтан)
Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
(тақтаға «мақал- мәтел» сөзін іліп қоямын)
Ертегіден үзінді тыңдату
(тақтаға «ертегі» сөзін іліп қоямын)
Отыр едім сабақта,
Қоян келіп шақырды.
Апарып бау – бақшаға,
Қарнымды ашырды.
Бұл не? (тақтаға «өтірік өлең» сөзін іліп қоямын)
Класта ақ бор бар,
Көк бор бар,
Көп бор бар.
Бұл не? (тақтаға «жаңылтпаш» сөзін іліп қоямын)
(Ж)Тірек сөздер бере,әңгіме құрату.
Отбасы,көмектесу,ана,әке,бала,қамқорлық.
Бұл не? (тақтаға «әңгіме» сөзін іліп қоямын).......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 994



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?