Су - баға жетпес байлық (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

 Су - баға жетпес байлық (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Су - баға жетпес байлық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі:
сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Қызығушылықты ояту
«Ойна да ойла» ойыны
Тапсырма: Тақырыпқа қатысты емес артық сөзді тап және түсіндір.
Үшінші артықты тап
1. сағат, минут, апта
2. тапсырма, жаттығу, ойын
3. ит, тауық, үйрек
4. жаңбыр, найзағай, боран
5. қайың, шырша, үстел
6. әріп, кітап, дәптер
7. шаршы, шеңбер, ойыншық
8. өзен, жер, көл
9. бала, немере, үй
10. су, тамшы, күн
11. жұлдыз, гүл, ай
12. сөйлеу, айту, ойлау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• жиі қолданылатын сөздер мен фразаларды түсінемін;
• мәтіннің негізгі ойын анықтаймын.
Мағынаны тану
Жаңа сөздерді меңгерту
Құдық, дәм сөздерін басқа сөздермен, сипаттаумен түсіндір
Мысалы:
Құдық – ой, су, ішу, тарту, алу, жердің астында
Дәм – тамақ, тәтті, ащы, тұзды, ауыз, сезу, тату, көру
Ой шақыру
(Ұ) «Суды қадірле!» қысқаметражды мультфильмді мұқият қарап, түсінігіңді айт.
Оқылым тапсырмасы:
(ЖЖ) «Су – баға жетпес байлық» атты мәтінді оқы.
Су - тіршілік көзі. Барлық тіршілік иелерінің ағзасында да су бар. Мысалы адам ағзасының 86%-ы судан тұрады. Құдықтағы табиғи су таза, түсі мөлдір, дәмі жоқ. Өзендегі су ластанған. Сондықтан өзеннің суын ішуге болмайды.
Мәтінді сұрақ-жауап арқылы талқыла.
а) Су неге «құнды байлық» деп саналады?
ә) Неліктен ол бізге қажет?
б) Құдықтағы су қандай?
в) Өзеннің суы қандай?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 040



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?