Қазақстан спортшылары № 10 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 Қазақстан спортшылары № 10 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Қазақстан спортшылары № 10
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Шағын мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді, мұғалімнің көмегімен керекті ақпаратты табады, мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, керекті ақпаратты табады және оны алады, тақырыпқа қатысты мәтін құрайды.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады, қажетті ақпаратты тауып, сұхбаттасады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен-жүрекке» әдісі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.
Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Оқушылар Қажымұқан Мұнайтпасұлы туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.
 Қажымұқан Мұнайтпасұлы кім?
 Ол неше рет жеңіске жетті?
 Қажымұқан күрестен басқа немен айналысты?
 Сенің ойыңша балуан адам қандай болуы керек?
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі
Сабақтың тақырыбын болжау.
1. Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?
2. Олар немен шұғылданады?
3. Қандай жеңістерін білесіңдер?
Кері байланыс: мадақтау
Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.
- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратамын;
- қажетті ақпаратты табамын
- мәтін құрастырамын.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: тұлға, нағыз
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
Ірі тұлға, жеке тұлға, үлкен тұлға, дара тұлға
Нағыз чемпион, нағыз дос, нағыз әнші, нағыз адам
4. Сөйлемдер құрастыру.
Серік Сәпиев – нағыз чемпион, ірі тұлға.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
(Ұ, Ж) «Спортшыны тану». Сөйлемдерді мұқият тыңдайды, мәтінде берілген ақпарат бойынша спортшыны анықтайды, суретін (не нөмірін) көтеріп, көрсетеді.
 Жұбына бір спортшыны сипаттап айтады.
Дескриптор:
- сипаттамасы бойынша спортшыны анықтайды;
- бір спортшыны сипаттайды.
Кері байланыс: Тапсырма қиын болды ма?
(Т) «Рет-ретімен оқу» әдісі арқылы мәтін құрастырады.
 Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді.
Дескриптор:
- шағын мәтін құрастырады;
- сұрақтар құрастырады, жауап береді.
Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды.
- тапсырманы орындау маған қиын болды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 973



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі