8-сабақ Тұңғыш ұстаз (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 8-сабақ Тұңғыш ұстаз (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 8-сабақ Тұңғыш ұстаз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.
Сабақ мақсаттары:
1.Тыңдаған ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажырата білу, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айту.
2. Оқыған мәтінге атау беру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.
3. Жазбаша сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс қайталайды, мұғалімнің көмегімен жазбаша мазмұндайды.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен жазбаша мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, өз бетінше жауапқа сәйкес сұрақтар құрастырады.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын «Марапаттау» ойыны арқылы сұрайды. Әр оқушының үйде «Абай – ұлы ақын» тақырыбында дайындаған постерлері тексеріліп, сәтті, ұтымды жасалған постерлерге марапаттау қағазы тапсырылады.
Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын болжату. Сөзжұмбақ негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту.
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Тәрелке, кесе, қазан – осылардың жиынтық атауы қандай?
2. Өзен, көлдерде не болады?
3. Мектепте оқиды?
4. Немен сурет саласыңдар?
5. Жеміс атауы?
6. Қонжық, қуыршақ – жиынтық атауы қандай?
– Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде ортадағы қарамен белгіленген төрбұрыштарды тігінен оқыған кезде қандай сөз шықты?
– Ыбырай.
– Олай болса, тұңғыш ұстазымыздың толық аты-жөні кім? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсіну;
• мәтінге атау беріп, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ қою;
• мәтінді жазбаша мазмұндау.
(МК, Ұ) Сабақтың жаңа сөздерін (жаңалық, әңгіме)
суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.
Диктор теледидардан жаңалықтар оқыды. Жас ғалым
жаңалық ашты.
Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді
Әңгіме – қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым.
Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды.
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы
Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі
Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш ұстаз
(Ө) Тыңдалым тапсырмасы. Диалогті тыңдап, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалым мәтіні:
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ыбырай Алтынсарин – ұлы ұстаз, қазақ даласына жаңалық әкеліп, алғашқы мектептерді ашқан.
- Ол туралы тағы не білесің?
- Ол қазақ балаларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.
- Оның мұражайы қай қалада орналасқан?
- Оның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.
Сөйлемдер Дұрыс Дұрыс емес
Ыбырай Алтынсарин – мүсінші.
Ыбырай Алтынсарин – ұстаз.
Ғалымның мұражайы Семей қаласында орналасқан.
Ғалымның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.
(Ө) Оқылым. Оқушылар мәтінді оқиды. Оқылым кезінде орфоэпиялық нормалар сақталынуы тиіс. Мәтінге атау беру керек.
Мәтінге қандай атау беруге болады?
 Ыбырай Алтынсарин
 Ұлы ұстаз
 Балалар әдебиетінің атасы
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.
Кім?
Ыбырай Алтынсарин Не істеді?
Жаңалық әкелді.
Кімдер?
В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский Не істеген?
Дос болған.
(Ж) Айтылым. Оқушылар жұпқа бөлініп, диалогтегі жауаптармен танысады. Жауапқа сәйкес сұрақтар құрады.
- ......................................... ?
- Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.
- ......................................... ?
- Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді.
- ......................................... ?
- Ыбырай Алтынсарин орыс ғалымдары – В.В.Григорьев, Н.И.Ильминскиймен дос болған.
Дескриптор:
 жауапқа қатысты сұрақтың қойылуы;
 сұрау есімдіктерінің, етістік сұрақтарының дұрыс қолданылуы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 926



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі