Сабақ жоспары: 1-сабақ Дина күй шертеді (Қазақ тілі, 3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Сабақ жоспары: 1-сабақ Дина күй шертеді (Қазақ тілі, 3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ Дина күй шертеді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау.
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/
септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Берілген тақырып бойынша сөйлемдер құру.
3. Жіктік жалғауын дұрыс қолдану.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.
Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтада «КҮЙШІ» сөзінің сызбасын беру арқылы сабақ тақырыбын болжату, коммуникативтік қатынасқа тарту.
Мұғалім тақырыпқа қатысты «КҮЙШІ» сөзінің сызбасын береді
Оқушылар осы «КҮЙШІ» сөзіне қатысы бар сөздер мен сөз тіркестерін атайды. Мысалы: күй, домбыра, өнер, домбыра тарту, күй үйрену т.б.
Мұғалім оқушылардан: «Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», – деп сұрайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу.
Тақырып бойынша сөйлемдер құру.
Жіктік жалғауын дұрыс қолдану.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту
Дарынды деп өз қатарынан әлде қайда дамыған, жоғары жетістіктерімен ерекшеленетін адамды айтамыз.
Атақты деп жоғары жетістіктері, таланты арқасында аты көпке танымал, мақтаулы адамды айтамыз.
Ұстаз деген жақсылыққа тәрбиелейтін, үйрететін, білім беретін адам.
Дұрыс айт!
Жазылады: күйші Айтылады: [күйшү].....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 157



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!