Қыз баласы туралы 99 мақал-мәтелдер жинағы


қыз туралы қазақ қызы


Қыз туралы мақал-мәтелдер жинағы

1. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

2. Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе.

3. Қызға қырық кісі сөйлейді.

4. Қызға қырық үйден тиым.

5. Қыз көрейік, қыз көретын жігітті біз көрейік.

6. Қызы жақсыны қыдыр қорыйды, қызы жаманды сайтан торыйды.

7. Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек, қызың жаман болса ішіңе тиген түйнек.

8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.

9. Қыз қырымға, ұл ұрымға.

10. Қыз күнінде бәры жақсы, жаман қатын қайдан шықты.

11. Қыз ұстай алмаған күң етеді, ұл ұстай алмаған құл етеді.

12. Қыз алмаған жігіттің қор қызында дәмесі.

13. Құда құрдас, қыз мұңдас.

14. Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер.

15. Қыз өсірсең ұяатымен.

16. Қазанына қарай ошағы, қызына қарай моншағы.

17. Қызсыз үйдің жүгі жиылмас, ұлсыз үйдің малы қайырылмас.

18. Қас жүйрікте сын болмас, қас сұлуда мін болмас.

19. Қыздың қырық жаны бар.

20. Қыз қылығымен сүйкімді. 

21. Қызым үйде, қылығы түзде.

22. Қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол.

23. Қыздан туғанның қиығы жоқ.

24. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

25. Қыз мінезді, ұл өнерлі болсын.

26. Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер. 

27. Қыз өрыс, ұл қоныс. 

28. қыз қарызы үйінде, ел қарызы биінде. 

29. Қыз қылығымен, ұл ұжданымен. 

30. Отырған қыз орнын табады. 

31. Қызыңды мақтасын десең алысқа жібер. 

32. Қыз ұзын арқау, кең тұсау. 

33. Қыздан алған малыңды қыныңа байла. 

34. Қызға бергенді қыдыр өтер.

35. Қыздың көзы қызылда. 

36. Қыз берген жерге дау жүрмейді.

37. Қыз арынын сынамас болар, қыз сырын сұрамас болар.

38. Бір қыз тұрмысқа шықса,мың қыз түс көреді. 

39. Қыз алатын қалың малдың көптігіне қарамайды.

40. Қыз құшпаған ер арманда, қызғалдақ жемеген қозы арманда.

41. Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер.

42. Қызы бардың назы бар.

43. Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман.

44. Қыз қылығы үйде, ұл қылығы түзде.

45. Жақсы қыз ـ жағаңдағы құндыз.

46. Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.

47. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас.

48. Құмға сиген білінбес, қызға тиген көрінбес.

49. Қырсық шалған жігітті қыз қасынан ит қабар.

50. Қотыр қызға қола сырға.

51. Қыздың баласындай, қолдың саласындай.

52. Қой өрген бел береке, қыз жүрген жер мереке.

53. Қыз ауырма, тұз ауырма.

54. Қыз баққанша қысырақ бақ.

55. Қыз баласы әкесіне жұлдыз, шешесыне құндыз.

56. Қыз бала окпеші болса, қалың мал көп болар.

57. Қызды ауылдың иті жатпас.

58. Қызды қартқа таңдат, атты жігітке таңдат.

59. Қыздың аңқауынан сақта, ұлдың жалқауынан сақта.

60. Қыздың малы қардың суы.

61. Қыздың жолы жіңішке.

62. Қызды сөкпе, тұзды төкпе.

63. Қыздың тамағы қылдай.

64. Қызды таныс алады, таныс алмаса қоныс алады.

65. Жақсы қыз жарылмаған қауын.

66. Қызымның құлағына алтын сырға.

67. Қызына қарай күйеуі, үйіне қарай тіреуі.

68. Шешесін көріп қызын ал.

69. Көсеуін кқріп қызын біл.

70. Қызың жақсы болса өрысің кеңейеді, ұлың жақсы болса қонысың кеңейеды.

71. Қойшының қызы қой келгенде таранады.

72. Малды тісіне қарап таңда, қызды ісіне қарап таңда.

73. Өңді қыздың бәры жөнді қыз бола бермейді.

74. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

75. Сұймей алған сұлудан сүйып алған су мұрын артық.

76. Қыздың сұлуынан жылуы.

77. Қызды теңын тауып тегін бер.

78. Тойған қыз төркінін танымас.

79. Төркіні жақынның төсегі жиылмас.

80. Түйе тұзға келеді, жігіт қызға келеді.

81. Ұлың өссе қанат болар, қызың өссе жанат болар.

82. Ұл ұяға, қыз қияға.

83. Ұл орнындағы ту, қыз ـ айдындағы қу.

84. Қыдырмашы қыз оңбас.

85. Хан қызы шөміш ұстаса қолы жауыр болады.

86. Шыққан қыз шиден ары.

87. Ыржақой қызға тыржақой, ыржық қызға тыржық күйеу.

88. Ашық қызға болады жігіт ғашық.

89. Кетер қызды кекілінен сипа.

90. Жаман қыз қаймақшыл, жаман ұл аймақшыл.

91. Әке өкшесін баспаған ұл оңбайды, шеше ернін қыспаған қыз оңбайды.

92. Жаман қыз төркіншіл, жаман күйеу қайыншыл.

93. Жігіттен сабыр кетсе, қыздан қадыр қашады.

94. Қыздың бетін кім ашса сол ыстық.

95. Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.

96. Қызың көңілшек болса басының соры, Ұлың көңілшек болса атының соры.

97. Қыздың қырық қулығы бар.

98. Бр қыздың айласы қырық есекке жүк.

99. Қызды ауыл қызыл өсек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман лаззат
    Оқырман лаззат 15.02.2022 07:02
    0 + 0 -
    мен мына макалдарга каты куандым себебы быздын казак жерынде 99 кызга деген макал толып жатыр