Ұлттық бұйымдар (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 Ұлттық бұйымдар (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Ұлттық бұйымдар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1. жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
4.3.Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.4.3.1. өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы мәтінді әңгімелеп,тыныс белгілерді қояды
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі оқиға желісін сызба бойынша мазмұндайды, тыныс белгілерді орынды қолданады
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің мазмұнын мазмұндайды, сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Құпия дос» ойыны
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
Ой шақыру
(Ұ) Кел,ойлайық, ойлайық!
Слайдта ретімен ұлттық бұйымдар тізбегі көрсетіледі. Оқушылар атауларын табу керек.
БІЛЕЗІК САҚИНА
ЖҮЗІК ШАШПАУ
- Жарайсыздар, оқушылар!
- Мына суреттерге назар аудара отырып, тақырыбымыз қандай болуы мүмкін?
Сабақтың тақырыбын болжау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндайды
• Пунктуациялық нормаларды сақтайды
Мағынаны тану
Жаңа сөздерді меңгерту
Тапсырма: Бос орынға Қ-Ғ төл дыбыстарын қойып жазса,бұйымның атауы шығады.
Сыр.....а Ал.....а монша......
• Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастырып бекіту
Мысалы:
әдемі сырға, қызыл моншақ т.б.
Менде күміс сырға бар. Анама алқа сыйладым. Айтылым тапсырмасы:
(Ұ) Мәтінмен жұмыс.
Тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, сызба бойынша әңгімеле.
Қазақ халқы ұлттық бұйымдарға бай. Ұлттық бұйымдарға сырға, алқа, моншақ жатады. Бұл бұйымдарды қыз балалар мен аналар қолданады. Ұлттық бұйымдар адамға сән береді. Қазіргі таңда ұлттық бұйымдарға сұраныс зор.
Дескриптор:
- Мәтін мазмұнын сызба бойынша әңгімелейді
Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.
• (Ұ) Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер.
Зергерлік бұйымдар дүкенінде болдың ба?
Зергерлік бұйымдардың бағасы қанша болады?
Саған ұлттық бұйымдар ұнайды ма?
(ЖЖ) Берілген сөйлемді оқып, қажетті тыныс белгіні қойыңдар.
Ұлттық бұйымдарға қазақ халқы бай ма .....(?)
Алақай ...(!)Анам маған сырға алып берді ...(.)
Ұлттық бұйымдар адамға сән береді ... (.)
Марат.... (,)апаңа білезік сыйладың ба ... (?)
Дескриптор:
- сурет бойынша сұрақтарға жауап береді;
- тыныс белгілерді орынды қолданады;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 053



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі