Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 6-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау.
2. Шағын мәтіннен септік, жіктік жалғауларды ажырату.
3. Тақырып бойынша сөйлемдер құрау.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, септік, жіктік жалғауларды ажыратып, тауып жазады.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірлерін білдіреді.
Сабақ барысы: Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Суреттен нені көріп тұсыңдар?
• Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақ мақсатымен таныстыру:
• Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау.
• Шағын мәтіннен септік, жіктік жалғауларды ажырату.
• Тақырып бойынша сөйлемдер құрау.
(МК, Ұ) Сабақтың тірек (қылқалам, ою, өрнек, бояу) сөздерін сурет арқылы меңгерту.
қылқалам ою өрнек бояу
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Жазылуы Айтылуы
қылқалам [қылғалам]
ою [ойұу]
өрнек [өрнөк]
бояу [бойаұу]
қию [қыйұу]
(Ұ) Оқылым.
1. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындайды.
2. Мәтін бойынша суреттердің ретін тап. Сандармен белгілейді.
3. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады:
демалыс, қағаз, өрнек, бояу, желім, ілу
Төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:
˗ мәтін мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
˗ жүйесін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын жазады;
˗ тірек сөздерді орынды қолданады;
˗ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.
(Т) Жазылым. Сурет бойынша сөйлем құрап, жазады. Кім не істеді?
Бірінші сурет бойынша тірек сөздер:
қағаз, қайшы, гүл, қию Екінші сурет бойынша тірек сөздер:
түлкі, бояу, қию Үшінші сурет бойынша тірек сөздер:
ою, өрнек, қию, бояу.
Дескрипторлар:
- кемінде үш сөйлем;
- сөйлемнің орын тәртібінің дұрыс құрылуы.
(Ж) Айтылым. Оқушылар диалогтегі жауаптарымен танысады:
Жауаптарына лайық сұрақтар құрастырып болған соң, мұғалім жұпқа бөліп, «Сұхбат жүргізу» ойынын ойнатады. Оқушының біреуі – тілші, екіншісі – қонақ.
(Ө) Жазылым.
1. Көп нұктенің орнына тиісті қосымшаны қояды.
Мен қағазды қиды... . Сен ойыншық жасады ... . Ол түлкіні боя ... . Әлібек желіммен жапсыр ... . Олар қолөнер үйірмесіне қатыса ... .
2. Мәтіннен берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып, кестені толтырады.
Нені? Ненің? Неммен? Қайда?
Дескриптор:
 жіктік жалғауларды анықтайды,
 ілік септіктегі сөздерді анықтайды;
 барыс септіктегі сөздерді анықтайды;
 табыс септіктегі сөздерді анықтайды;
 жатыс септіктегі сөзді анықтайды.
Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті орташа оқушылардың жұмыстарын екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle