№ 3 сабақ Інім ән айтады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 № 3 сабақ Інім ән айтады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 3 сабақ Інім ән айтады
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
1. Мәтін жанрын анықтау
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Көркемдеп жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мәтін жанрын ажыратады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен дилогті толықтырады.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады.
Сабақ барысы: Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Суреттен нені көріп тұсыңдар?
• Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:
• мәтін мазмұнын түсінеміз;
• мәтін жанрын ажыратамыз;.
• көркемдеп жазамыз.
(МК, Ұ) Сабақтың тірек (қу) сөзін сурет, сұрақ-жауап арқылы меңгерту.
Бұл не? Қандай
ҚУ
(Ө) Тыңдалым. Мәтін екі рет тыңдайды.
А) Мәтін не туралы?
1. Шөжелер туралы
2. Ән туралы
3. Би туралы
4. Қоржын туралы
Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегі сұрақтарға назарларын аудартады.
• Нұрай қандай өнерді жақсы көреді?
• Нұрайдың ән қоржынында қандай әндер бар?
• Нұрайдың сүйікті әні қандай?
• Нұрай қандай байқауға қатысты?
• Нұрай болашақта кім болғысы келеді?
Ал сенің ән қоржының бар ма?
Ән қоржыныңда қандай әндер бар?
(Ө) Оқылым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді оқып, мәтін жанрын ажыратады. Жаңа сөздерді белгілейді.
Нартай өлең, ал Нұркен мәтін жазды. Берілген мәтіннің қайсысын Нартай, қайсысын Нұркен жазды.
Мен үшінші сыныпта оқимын. Інімнің аты – Нартай. Ол бірінші сыныпта оқиды. Нартай ән айтқанды жақсы көреді. Нартайдың даусы әдемі. Ол ән үйірмесіне барады. Ініме ертегі ұнайды. Мен оған «Қу түлкі» ертегісін айтамын.
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада, Іздегені ду ғой.
Айтылым. Оқушылар суреттер арқылы Нартайдың нені жақсы көретінін айтады.
Нартай нені жақсы көреді?
ТАҚПАҚ
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой. Жатып алып жағада, Іздегені ду ғой.
Жауабы:
1. Нартай ән айтқанды жақсы көреді.
2. Нартай сурет салғанды жақсы көреді.
3. Нартай қу түлкі туралы ертегіні жақсы көреді.
4. Нартай қу түлкі туралы тақпақты жақсы көреді.
Оқушылар өзара бірін-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру. ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 137



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі