№ 1 сабақ Отбасым өнерлі (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 № 1 сабақ Отбасым өнерлі (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ Отбасым өнерлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Сурет бойынша әңгіме құрап, сұрақ-жауап құру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сурет бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы: Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы коллажбен берілген суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Суреттерден кімдерді көріп тұсыңдар?
• Олар немен айналысып жатыр?
• Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
БИ ӨНЕРІ СУРЕТ САЛУ ӨНЕРІ
ӘН ӨНЕРІ КҮЙ ӨНЕРІ
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.
Өнердің түрлерін айтқанда, өнер сөзіне тәуелдік жалғауы қосылатынын түсіндіру:
БИ ӨНЕР+І БИ ӨНЕР
Оқушылар өнердің түрлерін осы үлгімен атап шығады.
Ән өнері
Сәулет өнері
Сөз өнері
Одан кейін отбасы мүшелерінің қандай өнермен айналысатыны туралы суреттер көрсетіледі.
• Сенің ойыңша, отбасы мүшелері қандай өнермен айналысады?
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:
• тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеміз;
• тақырып бойынша әңгіме құраймыз;
• сұрақ-жауапқа қатысамыз.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (өнер, зергер, сырға, күміс)
суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.
зергер күміс сырға
Зергер күмістен сырға жасайды.
Бұл – үлкен өнер
(Ө) Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді екі рет тыңдайды.
“Блиц-бақылау” әдісі: мәтін бойынша сұрақтарға 1-2 сөзбен жауап жазады (сұрақтарды кезекпен оқып тұру немесе тақтадан көрсету).
1. Әнел қайда барды?
2. Ол кіммен барды?
3. Оған не ұнады?
4. Әнелдің әжесі немен айналысады?
Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.
 Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
 Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
 Мен орташа түсіндім.(3 балл)
 Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
 Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
(Ж) Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырады және жұптар бір-біріне суреттердің көмегімен ауызша әңгімелейді.
Қалаулары бойынша бір-екі жұп сыныпқа әңгімелейді. Қалған жұптар «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» сияқты комментарий айту арқылы бағалайды.
(Ө) Оқылым. Алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады.
Оқылым мәтіні.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтін үлгісі бойынша өз отбасы мүшелерінің өнерлері туралы айтады.
Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 972



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!