«Ханшатыр» - ерекше ғимарат (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 «Ханшатыр» - ерекше ғимарат (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (11-сабақ)
Сабақ тақырыбы: «Ханшатыр» - ерекше ғимарат
Оқу мақсаттары:
Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді рөлге бөліп оқу;
Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі:
Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.
Оқушылардың кейбірі:
Суреттер мен сөздерді қолданып, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат» тақырыбында құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 3 минут
(ЖЖ) «Адасқан сөздер» ойыны
Шеңбер бойымен тұрған оқушылардың әрқайсысына 1 сөзден беріледі. Оқушылар берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру барысында жұптасады. Әр жұп өз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырып айтады. Оқушыларға таратылатын сөздер:
Президент, саябағы, Астананың, көркі, қала, тұрғындары, ескі, үйлер, жаңа, ғимараттар, Бейбітшілік пен келісім, сарайы, саябақтың, маңында
Үй жұмысын тексеру – 3 минут
(Ж) «Шеңбер бойымен әңгімелеу»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім 1 оқушыға үй тапсырмасын әңгімелеуді бастауды тапсырады. 1-оқушы үй тапсырмасы бойынша (117-беттегі 3-тапсырманың мазмұнын айту) бірінші сөйлемді айтады. Екінші сөйлемді келесі оқушы айтады. Осылайша шеңбер бойымен мазмұндау жалғаса береді.
Мұғалім қосымша сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
Есте сақта!
сауда орталығы
ойын-сауық кешені
(ЖЖ) 1-тапсырма (119-беттегі 2-тапсырма). Рөлдерге бөліп оқу
Тақтаға бірінші жұп шақырылады. Қолдарына «Ханшатырдың» суреті беріледі. Бірінші жұп мәтінді рөлдерге бөліп оқиды. Екінші жұп осы мәтіннің алғашқы бөлігін ғана рөлдерге бөліп оқиды, үшінші жұп та тақтаға шығып, мәтіннің қалған бөлігін рөлдерге бөліп оқиды. Осы 3 жұп 1-топқа бірігеді. Келесі топты сыныптағы қалған жұптар құрайды. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
(ТЖ) 2-тапсырма (119-беттегі 3-тапсырма). Берілген суреттерді оқыған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау
Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (119-бет, 3-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.
(ТЖ) 3-тапсырма (120-беттегі 4-тапсырма бойынша).
1) Оқушылар оқулықтағы суреттерге қарап, балаларға ат қояды.
2) Үлгімен танысады (ЕСКЕРТУ! ҚМЖ-да берілген үлгі оқулықтағы үлгіден өзгешелеу).
ҮЛГІ: Сәлем! Мен – Айарумын. Меніңше, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат, себебі «Ханшатырда» тропикалық бақтар бар.
3) 1-топ бірінші және екінші сурет бойынша, 2-топ үшінші және төртінші сурет бойынша үлгіге сәкес құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады.
Бағалау дескриптор арқылы орындалады.
Дескриптор:
1. «Ханшатырдың» ерекше екенін дәлелдеді.
2. Үлгі бойынша құрмалас сөйлем құрастырып айтты....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 203



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?