Көктөбеге шығамыз (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 Көктөбеге шығамыз (2) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (8-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Көктөбеге шығамыз (2)
Оқу мақсаттары:
Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну;
Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.3* мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ формаларын ауызша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Жаңа сөздерді қатыстырып ауыспалы осы шақ формасында сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі:
Тірек сөздерге сүйеніп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 4 минут
«Жүйрік әріптер» ойыны
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, әр оқушының қолына 1-2 әріптен береді. Ол үшін мына әріптерді А4 форматты қағаздарға жеке-жеке жазып алу керек:
А, С, П, А, Ж, О, Л, Е, К, І, Ң, Ш, Ы, Н, Ы, Т, М, Р
Мұғалім жасырған сөзді оқушылар тез арада қолдарындағы әріптерден құрастырулары керек.
1. Көктөбеге немен көтерілеміз? (аспа жол)
2. Аспа жолмен қайда көтерілеміз? (Көктөбе)
3. Аспа жолдың терезесі неден жасалған? (шыны)
4. Аспа жолдың сырты неден жасалған? (темір)
5. Бұл қандай аспа жол? (ескі)
6. Мынау қандай аспа жол? (жаңа)
Ойын соңында оқушылар «Молекула» әдісі арқылы топтарға бірігеді.
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықтың 111-бетінде берілген кір, құм, кешен сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма (оқулықтың 111-бетіндегі грамматикалық кесте). Жаңа сөздерді қатыстырып үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру
ҮЛГІ: аспа жолмен көтерілу →
Мен аспа жолмен көтерілді+м.
Сен аспа жолмен көтерілді+ң.
Сіз аспа жолмен көтерілді+ңіз.
Ол аспа жолмен көтерілді.
1. «Демалыс және спорт» кешеніне кіру
2. Көктөбеге аспа жолмен шығ(қ)у
Бағалау «Смайликтер» арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма (оқулықтың 112-бетіндегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру
1) Аудиодискіден мәтінді тыңдату
2) Сұрақтарды оқу және жауап беру
Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.
Мәтін:
Көктөбе – сәулеті әдемі демалыс орны. Көктөбеде «Демалыс және спорт» кешені бар. Көктөбеге аспа жолмен барады. Көктөбеден қала кішкентай болып көрінеді, ғимараттар кішкентай қораптарға ұқсайды.
3-тапсырма. Тірек сөздерге сүйеніп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту
«Репортер» тәсілі
Тірек сөздер: Көктөбе, «Демалыс және спорт» кешені, сәулет, аспа жол, көтерілу, кіру
1) Оқушыларға топтарда дайындалуға 6 минут, тірек сөздерге сүйеніп мәтін мазмұнын айтуға (Көктөбеден репортаж жүргізуге) 1,5 минут уақыт берілетіні ескертіледі.
2) Топтардағы жекелеген оқушылар белсенділігі / әрекеті бақыланады.
3) Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады.
Дескриптор:
1. Мәтін мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп айтты.
2. Репортер рөлінде Көктөбеге келушілермен сұхбаттасты (сұрақтар қойды)....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 589



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?