Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғимараттар сайысы (нәтиже сабақ)(ОМЖ бойынша 11-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғимараттар сайысы (нәтиже сабақ)(ОМЖ бойынша 11-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)



Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: Ғимараттар сайысы (нәтиже сабақ) (ОМЖ бойынша 11-сабақ)
Оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді рөлге бөліп оқу;
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тірек сөздерді қолданып, кесте бойынша ғимараттарды сипаттап айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқып, ғимараттарға орын береді және орын беру себептерін түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі:
Сайысқа қатыспаған ғимараттардың тізімін жасап, таңдаған бір ғимаратты сипаттап айтады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру – 5 минут
«Мағынаны таны» стратегиясы
 Суреттер бойынша топтарға бірігу
 Суреттерге қарап, ғимараттардың атауын табу
 Жаңа сабақтың тақырыбын жариялау
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Есте сақта!
сайыс – жарыс
ғажап – керемет!
құрылысы ерекше – құрылысы ең керемет
1-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, кесте бойынша ғимараттарды сипаттап айтыңдар.
Тірек сөздер: әдемі, ең биік, жаңа, ескі, Астана, Дубай, ауыл, шыны, кірпіш, темір, қабырғасы, төбесі, мұнарасы
ғимарат қандай? орналасқан жасалған
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Мәтіндерді рөлдерге бөліп оқып, ғимараттарға орын беріңдер, себебін түсіндіріңдер.
Бір елде «Ең ғажап ғимараттар» арасында сайыс болады. Сайысқа құрылысы ерекше ғимараттар қатысады. Әр ғимарат өзін таныстырады.
Бірінші ғимарат:
- Мен өте әдемі ғимаратпын. Менің төбемде шар-мұнара бар. Мен темірден жасалғанмын. Мен Парижде орналасқанмын. Адамдар маған келіп, фильмдер көреді, - депті.
Содан кейін екінші ғимарат сөйлепті:
- Мен ең биік ғимаратпын. Мен Дубайда орналасқанмын. Мен ерекше ғимаратпын, себебі менің биіктігім – 828 метр. Мен шыныдан және темірден жасалғанмын, - депті.
Содан кейін үшінші ғимарат сөйлепті:
- Маған қараңдар. Мен ең ерекше ғимаратпын, себебі менің мұнарамда үлкен бассейн бар. Мұнара шыныдан жасалған. Мені құрылысшылар жасады. Мен Астанада орналасқанмын, - депті....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle