«Бәйтерек» неге ұқсайды? (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 «Бәйтерек» неге ұқсайды? (1) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (9-сабақ)
Сабақ тақырыбы: «Бәйтерек» неге ұқсайды? (1)
Оқу мақсаттары:
Тыңдаған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* тыңдаған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;
Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* диалогті рөлге бөліп оқу;
Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Диалогті рөлдерге бөліп оқу барысында тірек сөздерді қолданып, диалогті жалғастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Берілген сұрақтарға ғаламтордан жауап іздеп тауып, ақпараттық мәтін құрастырады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 3 минут
«Тышқаннан жылдам» ойыны
(Оқулықтың 115-бетіндегі 4-тапсырма)
1) Интербелсенді тақтадан «Тышқаннан жылдам» ойыны слайдтары көрсетіледі. Оқушылар берілген сөздердің қазақша аудармасын тез атауы керек.
2) Мұғалім оқушылар назарын сөзжұмбақтағы жасырын сөзге аударады. Астана қаласы туралы сұрақтар қояды.
«Мозаика» ойыны – 2 минут
Суреттерді құрастырып жинау және сұрақтарға жауап беру
Бұл не? Ал мынау не? Ол қайда орналасқан? «Бәйтерек» неге ұқсайды?
Ойын соңында оқушылар 2 топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықтың 114-бетінде берілген бәйтерек, биіктігі, самұрық құс сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма (оқулықтың 113-бетіндегі 1-2-тапсырмалар). Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазу
«Кім жылдам?» ойыны
1) Мәтінді аудиодискіден тыңдату
2) Сұрақтарға жауап алу
3) Тірек сөздерге сүйеніп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жазу
4) Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
2-тапсырма (оқулықтың 115-бетіндегі 3-тапсырма).
1)Диалогті рөлдерге бөліп оқу
2)Тірек сөздерді пайдаланып, диалогті жалғастыру
ТІРЕК СӨЗДЕР: орналасқан, ұқсайды, оның төбесінде
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма (оқулықтың 115-бетіндегі 5-тапсырма).
Оқушылар смартфонның немесе компьютердің көмегімен ғаламтордан берілген сұрақтарға жауап іздеп табады. Сұрақтарға сүйеніп ақпараттық мәтін құрастырып жазады. Бағалау дескриптор арқылы орындалады.
СҰРАҚТАР:
1. «Бәйтерек» кешені қайда орналасқан?
2. Ол неге ұқсайды?
3. Оның төбесінде не бейнеленген?
4. «Бәйтерек» кешені қашан салынған?
5. Оның сәулетшісі кім?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 982



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!