Қазақстанда 2017 жылы не өзгереді?

Қазақстанда 2017 жылы не өзгереді?

Жаңа жыл жаңа бастауларымен ерекшеленеді. Осы орайда қазақстандықтарды 2017 жылы не күтіп тұрғанын NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

АЕК мен ең төменгі күнкөріс деңгейі
Қазақстанда 2017 жылы не өзгереді?

АЕК мен ең төменгі күнкөріс деңгейі жыл сайын өзгеріп отырады. 2016 жылы айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге болса, 2017 жылы ол 2269 теңге болмақ.

Ең төменгі жалақы деңгейі жаңа жылда 24 459 теңге болса, базалық зейнетақы мөлшері - 12 802 теңге. Ең аз зейнетақы - 28 148 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңге деп бекітілді.

Зейнетақы, жәрдемақы мен айыппұл өседі


Зейнетақы мен бала тууға байланысты жәрдемақы 20%-ға өседі. Алайда бұл біртіндеп жүзеге асырылады. Мәселен, 2017 жылдың 1 қаңтарында зейнетақы 9%-ға, ал 1 маусымында тағы 11%-ға өспек. Бала тууға байланысты жәрдемақы, сәйкесінше, 7% және 13%-ға артады.

Жол ережесін бұзуға байланысты айыппұл да өсетін болады. Мәселен, жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға асыратын болсаңыз, айыппұл, әдеттегідей 10 АЕК ғана болмай, 22 690 теңгеге түспек. Тұрақ ережелерін бұзсаңыз, 5 АЕК емес, 11 345 теңге айыппұл төлейсіз.

Коммуналдық қызмет тарифтері қымбаттайды


ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, 2017 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері қымбаттайды. Мәселен, 5,9%-ға қымбаттау- электроэнергия; 7,2%-ға қымбаттау - суық су; 5,6%-ға қымбаттау - су тарту; 10,2%-ға қымбаттау - жылу энергиясы; 11,8%-ға қымбаттау - ыстық суды күтіп тұр.

Көлікті шетелден тиеп әкелу қымбаттайды


ЕАЭО елдерінен тыс мемлекеттерден көлік тиеп әкелу қымбатырақ болмақ. Себебі, әр көлікке шамамен 90 мың теңге тұратын жедел қызметті шақыртуға арналған автоматты құрылғы орнатылуы тиіс.

Темекі мен ішімдік бағасы өседі


Ең арзан темекі - 300 теңге, ал ең арзан ішімдіктің литрі - 1560 теңге болмақ.

Білім беру жүйесі өзгереді


Мектеп оқушыларын үштілді білім беру, мектеп қабырғасында көлік жүргізуге үйрену күтіп тұр. Ал 2, 5 және 7 сынып оқушылары бес күндік оқу аптасына көшеді. Нәтижесінде, олардың жазғы демалысы кешірек басталады - 31 мамырда.

ҰБТ да өзгеріске ұшырап, оқушылар мектепте және жоғары оқу орнында екі емтихан тапсыратын болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылады


2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылып, ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 10%-ға төмендейді. Бұл бағдарламамен 2031 жылға дейін жарты миллион қазақстандық баспаналы болады деп жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады