Аппақ бала (1 сынып, 8 бөлім )

 Аппақ бала (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Тақырыбы: Аппақ бала
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:1.1.1.1; Тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну
1.1.5.2; Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін тыңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу
1.2.1.1; Сөз/сөйлем сызбасын оқу; сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру
1.3.10.1; Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
1.3.12.1; Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу
1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнымен таныса отырып негізгі ойды анықтайды. Тазалықтың денсаулық кепілі екенін ұғынады.
Сөйлем ішінен қимылды білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қояды.
Оқушылардың көпшілігі:
Аппақ бала мен сатпақ баланың іс-әрекетін салыстырады. Қорытынды жасай біледі.
Кейбір оқушылар:
Тақырыпқа байланысты өз ойын нақтылап, дәлелдейді. Ұтымды ойлар айта біледі.
Сабақ барысы: Интербелсенді тақтадан балаларға су, сүлгі, сабын, тіс пастасы, тіс щеткасының суреттері көрсетіліп, сұрақ қойылады.
– Бұл суреттен қандай ой туындайды?
Балалардың жауабы «тазалық» сөзіне алып келуі керек.
Оқушыларға «5 минуттық эссе» әдісі арқылы «тазалық» сөзінің мағынасын қалай түсінетіндігін жазбаша жеткізуді сұрау. Тақырыппен таныстырылады. (Ө, Ұ) Сұраққа жауап іздейді. Ойларын қағазға түсіреді. Топта оқып, үздігін жариялайды.
Мағынаны тану
(Қ) Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтін мазмұнын «Аялдамамен оқу» әдісі мен
«Болжау» әдісі бойынша таныстырады. Мұғалім мәтінді өзі оқыса да немесе оқушыларға оқытуына да болады.
«Аялдамамен оқу» әдісі арқылы (бір сөйлемнен немесе
2-3 сөйлем, бір абзацтан кейін аялдап, тоқтап оқу) оқытудың (іштей, дауыстап, хормен оқу) түрлерін де көрсетуге болады. (Қ) «Жуан, жіңішке сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады. (Жіңішке сұрақтарға жеңіл сұрақтар яғни мәтін көлеміндегі, ал жуан сұрақтарға күрделі сұрақтар жатады.)
Оқулықтағы суретпен де жұмыс жүргізіледі.
Сөздік жұмысы. Жуыну – ... (Ұ) Тыңдалым мен айтылымды байла-ныстыра отырып жұмыс жасайды.
Оқиға желісі бойынша қойылған сұрақтарға өз ойын білдіреді. Сұрақтарға өз ойын білдіреді. Таныс емес сөздердің мағынасын ашуға тырысады. Өзге топтардың жауабын тыңдап, толықтырады.
Ойтолғаныс
(Қ) Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу: Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қой.
Асан ойыннан асығып келді. Оның жүзі қызарыпты.
Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қояды
2-жаттығу: Суреттергеқарап, оларға тиісті сөздерді тап.
жасады тамақтанды жуынды
барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.
түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын
ештеңеге түсінген жоқпын
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындағанболсаң, желкенді жасыл түске боя
-Егер сабақта белгілібір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя
-Егер саған сабақ барысында тапсырмалардыорындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді қызыл түске боя...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 686



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!