Сауат ашудан сабақ жоспары: Мәтін құрастыру (1 сынып, 8 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Мәтін құрастыру (1 сынып, 8 бөлім )



Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Мәтін құрастыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті тақырыпқа шағын жазылым таңдап жаза алады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңбері»
Орнымыздан тұрамыз
үлкен шеңбер құрамыз
Қазақ тілі ұнайды
Тыңда, қара, орында
Ертең сенен сұрайды
Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек? Не істеуге болмайды деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсаты:
Қауіпсіздік ережелері жайлы мәтін құрастыру, жазу.
(МК) Бейнежазбамен жұмыс.
Мақсаты: бейнежазбаны қарау, қандай қауіпсіздік ережелері жайлы айтылғанын әңгімелеу.
Ол не үшін қажет деп ойлайсың?
Қандай жағдайда қауіп болуы мүмкін?
(Ж) Қауіпсіздік ережелерін білеміз бе?
Әр жұпқа сюжетті суреттер беріледі.
Тапсырма. Суреттегі қауіпті жағдайды атау. Қауіпті болдырмау үшін не істеу керек?
Кез келген 2–3 жұптың әңгімелеуін тыңдай отыра «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды тапсыру
Жұппен жұмыстан кейін, деңгей бойынша топтық жұмыстар орындату
(Ж) Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: мәтінді түсініп оқу
Нұсқаулық:
1.Мәтінді іштен оқып шығыңдар
2. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтаңдар.
(ҚБ) Кезекпен рөлге бөлініп оқу
Сергіту сәті
(Т) Мәтіннің мазмұнын ашу
Мақсаты: мәтінннің мазмұнын түсіну арқылы шығармашылықтарын дамыту.
(Т) Топпен жұмыс. (10 – слайд)
Дифференциация
Сынып бес топқа бөлінген.
1 – тапсырма. Барлық топқа кеспе әріптер беріледі.
Сол әріптерден тақатаға шығып әрбір топ мүшелері төмендегі сөздерді құрастырады. Жылдам сөз құрастырған топты қол шапалақтау арқылы бағалауды ұсыну.
1 – топ. Бұрыш
2 – топ. Картоп
3 – топ. Қызанақ
4 – топ. Шалқан
5 – топ. Орамжапырақ
2 – тапсырма.
1 – топ. Көкөністер мен жемістердің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар берілген суреттер арқылы көкөністер мен жемістерді екі топқа бөледі және атауларын жазып берулері керек.
2 – топ. Көкөністердің суреттері беріледі. Оқушылар берілген көкөністердің аттарын жазып, берілген көкөніс атауының 1 – 2 – н қоса отырып бір сөйлем құрап жазулары тиіс.
3 – топ. Берілген жеміс суреттерінің аттарын жазып , сол аталған жемістерге байланысты сөйлем құрап жазулары тиіс.
Фокус топ
4 – топ. Берілген жеміс немесе көкөністің атауын жазып және оның пайдасы туралы жазылым (шағын мәтін) жазады.
5 – топ. Берілген жеміс немесе көкөністің атауын жазып және оның пайдасы туралы жазылым (шағын мәтін) жазады.
Жазылым.
(Т) Тосын сый. Рольдік қойылым
Музыка әуенімен ортаға әр топтан көкөністердің маскасын киген оқушылар шығады да, өздеріне берілген рөл бойынша өздерін таныстырады, сонымен қатар оларға жемістер мен көкөністер тобына бөлініп, бірлесе ыстыруды ұсынуға болады) ( 11 –слайд)
(мәтін нұсқасы төменде берілген)
Кері байланыс. «Бағдаршам» (12 – слайд)....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle