Әңгімені мазмұндау (1 сынып, 7 бөлім )

 Әңгімені мазмұндау (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Әңгімені мазмұндау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, Әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңбері»
Мынау менің жүрегім,
Бәрі содан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлығын ол басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
«Сыртқы,ішкі шеңбер» әдісі арқылы өткенді қайталау
Көкөністер туралы жұмбақтар жасыру
1.Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.Қияр
2.Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.Қарбыз
3.Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.Қауын
4.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатырҚызылша
5.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.Орамжапырақ
6.Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.Асқабақ
7.Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.Қарбыз
8. Жер астына түседі,
Сап-сары боп піседіСәбіз
9. Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.Пияз
10. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.Сарымсақ
Сабақтың мақсатымен танысу:
Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз.
(Ж) Мәтінмен жұмыс: «Өсімдіктер айтысы»
Мақсаты: мәтінді түсініп оқу
Нұсқаулық:
1.Мәтінді іштен оқып шығыңдар
2. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтаңдар.
(ҚБ) Кезекпен рөлге бөлініп оқу
Сергіту сәті
(Т) Мәтіннің мазмұнын ашу
Мақсаты: мәтінннің мазмұнын түсіну арқылы шығармашылықтарын дамыту.
1-топ.
Мәтіндегі өсімдіктердік атын білдіретін сөздерді анықтап, постер жасайды.
2-топ
Мәтіндегі өсімдіктерге байланысты қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтап, постер жасайды.
3-топ.
Мәтіндегі өсімдіктерге байланысты қимылды білдіретін сөздерді анықтап, постер жасайды.
4-топ
Мәтін мазмұны бойынша қойылым көрсету.
(ҚБ) Әр топ өз жұмысын қорғайды. Топтар өзара бағалайды.
Әр топтың жауабы тыңдалады.
-Қалай ойлайсыңдар, осы өсімдіктер адамға пайдалы ма? Неге? Оқушылардың ойларын тыңдау.
Дәптермен жұмыс:
Мәтінде кездескен өсімдік тауларын теріп жазу.
Дескриптор:
1.Өсімдік атауын жазу
2.Қатесіз,сауатты жазу ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 664



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі