Сауат ашудан сабақ жоспары: №129 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: №129 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі (1 сынып, 6 бөлім )



Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №129 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ю әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша үлгі негізінде сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және үлгі негізінде дұрыс оқу;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды (кім? не? қашан? не істеді? қалай?) қолданып, сұраулы сөйлем құрастыру және сұраққа жауап беру;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- иллюстрация немесе мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру және сұраққа жауап беру;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж, қ) «Сыңғырла, қоңырау» әдісі. Саралау
Оқушылар диктор арқылы үнтаспаға жазылған тыңдалым жұмыстары негізінде айтылған сөздер ішінен ю әрпі бар сөздерді тауып, қоңырауды басу
(Ұ, Ж, қ) «Кел, танысайық!» әдісі
Мұғалім оқушыларға «Әріптер мен сөздердің сиқырлы әлемі» кітабы «Шикула» баспасы бойынша әзірленген
бейнетаспаны тыңдауды ұсынады.
Оқушылар диктор арқылы үнтаспаға жазылған тыңдалым жұмыстары негізінде «Юю» әрпімен толық танысады.
• «Ю»дыбысын хормен қайталату;
• «Ю»дыбысы бар сөздерді хормен қайталату;
• «Ю»дыбысының сөздің барлық буынында келетінін байқату;
Мысалы:Юпитер, каюта, аю,...
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
- ю дыбысының қосарлы дыбыс екенін біледі;
- ю дыбысының дауысты дыбыс екенін ажыратады;
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
1.3.8.1 (МК, Ө) Көркем жазу. Ю әрпін жазып, үйренейік
қою қию жию юла юпитер
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
• Ю әрпінің элементтерін жазып үйрену;
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
Шығармашылық үзіліс
Бұл қай әріп?
• Өлеңді түсініп оқы.
1.2.1.2, 1.2.5.1 (Ө, Ж, Т) Мәтінмен жұмыс
Кейіпкерді сипаттау білігін бағалау
«Ыстық орындық» әдісі
Оқушылар «Қожа мен Алдаркөсе» мәтінін мұқият тыңдайды.
Бірнеше рет іштей оқиды. Түсініксіз сөздерді түртіп алады.
Қожанасыр мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен, Алдаркөсе Қожанасырдан:
- Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен?- деп
сұрапты.
Қожанасыр ойланбастан:
- Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады,- деп
жауап беріпті.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылар топтарға біріктіріледі. Олар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін «Ыстық орындық» әдісін жүргізу арқылы анықтауға болады. Ол үшін топтар өзге топтарға өзара дайындаған сұрақтарын қояды немесе дайын сұрақтар қою арқылы жауап береді.
Ықтимал сұрақтар:
- Мәтін кімдер жөнінде?
- Алдаркөсе мен Қожанасыр қайда келді?
- Қожанасырдың тапқырлығын неден байқадың?
- Алдаркөсе қандай сұрақ қойды?
- Алдаркөсе қандай кейіпкер?
- Қожанасырға мінездеме бер.
- Өзің Қожанасырдың орнында болсаң қандай жауап
берер едің? Ойланып көр.
Дескриптор:
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтін бойынша сұрақтар қоя біледі;
- сұраққа жауап береді;
Сергіту сәті. «Айгөлек» әнінің әуенімен, іс-қимылмен көрсету
Асыл сөздің ұстасы,
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.1.9.1, 1.3.8.1 Шығармашылық тапсырма. Саралау:
1-топ. Сөздердің дұрыс жазылу үлгісін көрсет.
Үлгі:азаю, баю, тою, тыңаю.
2-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз.
О... оя білу өнер. Әжемнің айраны ....
3-топ. Суреттің орнына сөзді қойып сөйлемді жаз.
Әжем ойды. орманда болады.
Дескриптор:
- сурет пен сөзді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
- жазу жолын, жоларалық кеңістікті сақтайды;
- жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle