Саяхатқа дайындалу (1 сынып, 5 бөлім )

 Саяхатқа дайындалу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
ТАҚЫРЫБЫ: Саяхатқа дайындалу
ОҚУ МАҚСАТЫ: Саяхатқа дайындалу барысындағы іс-әрекеттер арқылы заттарды жинақтау, топтау, салыстыру. Төлқұжатты толтырып отырып өз аты-жөнін дұрыс жазу. Әр түрлі контекстерде қарым-қатынасқа түсу арқылы сөздік қоры молайту.
Дағдылар
Тыңдалым/айтылым: Астарлы мағынаны ажыратып алу.
Жазылым: әріптерді жазу.
Бақылау
Сұрақтарға дұрыс жауап берулерін, өз ойын жеткізе алатынын бақылау.
Болжам
Оқушылар арманындағы саяхат туралы айтуға жаттығады.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Барлық оқушылар жасай алады:
• Хормен қайталайды.
• Сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Саяхатқа керекті заттарды ажырата алады.
• Бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыра алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Өз ойын толық жеткізе алады.
Сабақ барысы: Дайындық кезеңі.
Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?
2. Сабақтың тақырыбын анықтау (тыңдалым/ айтылым, оқылым дағдысын қалыптастыру).
Балалар шеңберде тұрады.
Балалардың қолдарында көліктердің суреті бар. Көліктердің артына өрнек мен әріп жазылған. Егер сол әріптерді өрнектердің мәніне сәйкес өсу ретімен қойса, сөз шығады.
Өрнектер
9-8= С 4+0= Х
7-5= А 2+3= А
10-7= Я 3+3= Т
САЯХАТ деген сөз шықты.
Саяхат деген не? Саяхатқа немен шығамыз?
Сабақтың мақсатын анықтау.
Мұғалімнің сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, бүгін біз саяхатқа қалай дайындалу керек екен жайлы танысамыз. Саяхатқа бару үшін қандай қажетті заттар қажет екенін талқылаймыз. Саяхатқа жалғыз шыққан көңілді ме?
- Топпен жүрген көңілді.
- Ендеше топтың ережелерін қайталайық.
- Ең ұзын көлік қандай?
Пойыз ойынын ойнау. Пойыз тізбегін құрып, шеңбер бойымен жүру. Әр топ мүшелерін өз орындарына отырғызу.
Бейнефильм:
Саяхатқа дайынсың ба?
«Қазақ жері» бейнесі бойынша сұрақ-жауап әдісі тыңдалым/айтылым дағдысын қалыптасыру).
Топтық жұмыс (тыңдалым/айтылым дағдысы бойынша қалыптасырушы бағалау).
Әр топта саяхатқа керекті заттар бар. Әр топ белгілі бір жаққа саяхатқа шығады. Топта балалар осы заттарды неліктен алғаны жайлы талқылайды да, сыныпқа баяндайды. (Мұғалім бақылау арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргізеді)
1-топ: Жер планетасы бойынша
2- топ: Қазақстан қалалары бойынша
3-топ: Орманға саяхат
4-топ: Теңізге саяхат
5-топ: Мектепке саяхат
Топтық жұмыс (тыңдалым/айтылым дағдысы).
Топтардан чемоданда не барын болжап айтуларын сұрау. Өз чемоданына не салатындарын сұрау. Содан соң өз чемоданымдағы заттарды көрсетіп, олардың не үшін саяхатқа қажет екенін түсіндіру. Есте сақтау ойынын ойнату.
Жеке жұмыс (тыңдалым/айтылым дағдысы).
Үйлерінен әкелген заттарды атау. Ол саяхатта не үшін қажет екенін сұрау.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Ұшақа отыру үшін не қажет?
Жеке жұмыс (жазылым дағдысы).
Оқушыға төлқұжаттың қажеттілігін түсіндіру және ондағы мәліметтерді атау. Мәліметтерді толтыру үлгісін көрсету арқылы өздерінің жеке төлқұжатын жасауды тапсыру.
Төмендегідей қабілеттерді бағалау:
• өз есімдері мен мәтінін жазу.
• шынайы мәліметтерді беруде сөздерді сауатты жазу.
Тәжірибелік іс-әрекет:(тыңдалым/айтылым дағдысын қалыптастыру).
сыныптан шығып, төлқұжатты қалай және қай жерде қолдануға болатынын іс жүзінде жүргізу.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 812



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!