Күнделік жазу (1 сынып, 5 бөлім )

  Күнделік жазу  (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Күнделік жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.
Шеңберге тұрып Ойын жаттығу. Өз есімдерін (аттарын) әр түрлі дауыс ырғағымен айту.(созып, күліп, ренжіп, буындап...) Сендердің есімдерің неше буыннан тұрады?
(Ұ,Т) Сан есім және сын есім туралы түсіндіріп, сөйлемнің ішінен табуға және қатыстырып сөйлем құрауға үйрету.
Жұмбақты диктант ретінде жазу.
Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.
Бұл не?
-Сын есімдерді табу. Дәлелдеу.
Күнбағыс- дыбыстық талдау.
3-кезең. Жоспарлау, жазу, түзету (мұғаліммен бірлесіп жазу, жоспарлау, жобалау, түзету және жазу).
Мен жаңа қалаға келдім. Мұнда бәрі басқаша... мен қазіргі таңда ғажайып күйдемін, өйткені өзім үшін барлығы жаңалық. Ары қарай көргендерін топтасып орындайды.
(Т) Топпен жұмыс.
Әр топқа сурет беріледі. Суретте берілгендер туралы жазу, жазылған сөйлемдерде сан және сын есімдер болуы керек.
1 – топ. Көкшетау, Оқжетпес
2 – топ. Қаланың көрікті жерлері (Бәйтерек, Ақорда,)
3 – топ. Хайуанаттар бағындағы аю, қабылан, керік суреттері.
4 – топ. Қаланың көрікті жерлері.
(Есіл өзені, Ханшатыр)
Топпен орындап болғаннан кейін, тексеріп, редакциялап дәптерге жазу.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 903



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!