Ауа райы туралы өлеңдерді оқу Щ дыбысы (1 сынып,4 бөлім )

 Ауа райы туралы өлеңдерді оқу Щ дыбысы (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақтыңтақырыбы: Ауа райы туралы өлеңдерді оқу. Щ дыбысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтеме) О4 Сұрақтарды қоя білу және бағалау О5
Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану Т/А5 Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормаларды қолдану
Сабақ мақсаттары:
Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі
Өз идеялары мен сезімдерін таныс әлеуметтік ортада білдіреді
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Қол ұстасып бәріміз,
Жылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.
ОМ таныстыру
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі ?
- Қыс айларын атап беріңдерші ?
- Қыстың ерекшеліктерін білесіңдер ме ?
- Далада ауа – райы қандай?
Қыз мезгілінде ауа райы қандай болады?
-аяз болады, жел соғады, қар жауады т.с.с
Осы құбылысты не деп атаймыз?
-табиғат құбылыстары Осы табиғат құбылыстары арналған өлеңдермен танысайық.
Қыс
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да,
Болған ақ түспенен.
А.Асылбеков
Бұл өлең шумағында не туралы айтылған ?
- Қардың түсі қандай ?
- Дала қандай екен ?
- Қандай ойындар ойнайсыңдар ?
- Сендер мектепке келгенде қалай киінесіңдер
(Ұ,Ж)
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу – зу – зу,
Шанамен зулаймыз.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт – сарт – сарт,
Қолымызды соғамыз.
(Ұ. МК)
Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.
(жарық, су, ауа, тағам, жылу)
Қане, осылар туралы өлең тақпақтар білеміз бе?
(Т) «Бағытталған оқу» әдісі
1 топ
Күн - ана
Әлемге қуатты,
Сәуле мен қуатты,
Алып күн беріп тұр
Жарық күн - көрік, нұр.
2 топ
Жер - ана
Аялар анамыз,
Саялар панамыз,
Құлпырған тірлікпен
Жер құтты гүл біткен.
3 топ
Су - ана
Өңірдің өзені
Өмірдің өзегі,
Сусыз жер - өмірсіз,
Нусыз өр, өңір, түз.
4 топ
Ауа - ана
Жер шары дәу әлем
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар.
(Ұ.МК)
Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін тез өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды.
Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте - бірте азаяды.
Ауа жер бетінен жылынатындықтан оның температурасы құрлық пен судың үстінде де әр түрлі болады.
Ауа жылынғанда жеңіл тартып, жоғары көтеріледі. Оның орнына су бетінен салқын ауа келеді, яғни осы алмасу құбылысынан жел пайда болады.
Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.
"Ой қозғау". Жұмбақ шешу.
Тіс кірлесе тазартар
Киімнің кірін азайтар,
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не? (Щетка)
Киімнің болса шаңы бар,
Тазалап оны арылтар.
Қажет заттың аты не?
Басында қандай әріп бар? (Щетка)
Щетка сөзі қандай дыбыстан басталады.
- Щ дыбысынан басталады.
Қане, балалар барлығымыз щ - щ - деп айтып көрейікші, қалай айтылып тұр?
- Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр, олай болса дауыссыз дыбыс екен.
Ал мынау Щ дыбысының таңбасы.
Щ дыбысы қандай дыбысқа ұқсастығы бар?
- Щ - Ш ұқсас.
(Ұ) Суретпен жұмыс
Мынадай бір асыл бар,
Босы жоқ, тек шашы бар
Болса ондай бұйымның.
Ластанбайды киімің.
Басы түкті, өзін тіпті,
Әркім керек етеді.
Ойланып көр, осы бір зат
Тіске қызмет етеді (тіс щетка)
Щ әрпінің жазылуын көрсету.
Щ щ
Оқулықпен жұмыс
Балқаш - Қазақстандағы үлкен көл. Ол Республикамыздың оңтүстік шығысында Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Оның тұздылығы да біркелкі емес. Батыс жақ бөлігінің суы тұщы болып келеді де, шығыс бөлігінің суы ащы болады.
Ауа – райы туралы болжамдар:
ай шалқалап туса, ауа райы мал- жанға жайсыз болады.
қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады.
ит пен мысық жиырылып жатса немесе тұмсығын бауырына тығып ұйықтаса, жауын- шәшін мол болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 050



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!