Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасымның бір күні (1 сынып,3 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасымның бір күні (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Менің отбасымның бір күні
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.2.5.1 мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қоя білу, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру мұғалім қолдауымен
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
Сабақ мақсаттары: Мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қояды, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Сабақ барысы: (Ұ)Психологиялық ахуал:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз, Сәлем бердік бәріңізге, Құрметпенен біз!
А) Суретке сәйкес сөздерді табады.
В)Сурет бойынша сөйлейді.
Берілген сөздер: Ата, әже,мұғалім, аға, әпке, қарындас, сіңлі,
әке,оқушы, ана
/Кейбір сөздерді буынға бөлу/
Сенің __________ бар ма?
_____________ неше жаста?
__________мектепке бара ма?
Көмекші сөздер: аға,апа ,іні, қарындас
Отбасымның демалысы.
Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Менің отбасым өте тату.Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз. Жексенбі сайын саябаққа, қала сыртындағы демалыс орындарына барамыз. Жазғы демалыста Бурабайға барып демалдық.. Демалысымызды жақсы өткіздік.
-Менің отбасым қандай?
-Демалысты қалай өткіземіз?
-Демалыста қайда барамыз?
-Жазғы демалыста қайда бардық?
(Ұ) Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Оқушылардың іс-әрекеттері: Оқушылар үйде ата-аналарымен жасаған жұмыстарын /коллаж, аппликация немесе сурет/ қорғап, өз отбасымен бізді таныстырады. (Ж)Отбасының бір күнін әңгімелеп көреміз
(Ұ) Сергіту сәті
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балан үйрек - апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек - анам,
Кішкентай бөбек - мен.
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде – бесеуміз.
(Ж) Ойын «Бармақтар отбасы»
Ойын алаңына екі оқушы шығады. Екеуі өз отбасылары туралы әңгімелейді. Қалған балаларға олардың отбасы мүшелерін салыстыру ұсынылады. Мысалы, Радмирдің отбасында 4 адам бар. Ал Томиристің отбасында 5 адам бар. Кімнің отбасы үлкен? 4 < 5
Бейнекөрініс «Гг әрпі»
1. Г дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айту
2. Г дыбысынан басталатын және г дыбысы келетін сөздер ойлату. Буынға бөлу. Сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау.
3. Сөздермен сөйлемдер құрастыру
Дәптермен жұмыс Г әрпін жазамыз.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle