Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгіме жоспарлау Оо дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгіме жоспарлау Оо дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жүйкеңіз жұқармасын десеңіз

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгіме жоспарлау. Оо дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Сабақ мақсаттары: Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.
Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді.
Сабақ барысы: Балалар шеңберге жиналады.
Балалар өздерінің қай мектеп оқушылары екені туралы әңгімелейді.
Оқушылардан өздерінің мектепке алғаш келгендегі сезімдерін айтқызу. Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар оқу жылының басында қандай көңіл күйде болғандықтарын сұрап, талқылау.
-Оқу жылының басын асыға күттің бе?
-Сен қобалжыдың ба? Не үшін қобалжыдың?
-Мектепке ең алғаш келгенде сен қандай сезімде болдың?
-Мектепке келген ең алғашқы күннен есіңде не қалды?
Мектепке байланысты жұмбақтар шешеді.
Білімнің мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Қызықтырып әуелі
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі
Бұл қай кітап? (Әліппе)
Оқушыларға оқу техникасын және оқылым дағдыларын қалай қолдану керектігін бақылата отырып, оқу жылының басы және мектепке бару туралы бірнеше әңгіме оқып беру.
Сұрақтар қою арқылы әрбір әңгіменің, кейіпкерін, оқиғасын және мазмұнын талқылау.
Бағытталған оқу әдісін қолданып, әңгімелерді бірігіп оқу
Менің мектебім
Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Біздің мектеп үш қабаттан тұрады. Мектептің ауласы өте кең және таза. Аулада әртүрлі ағаштар мен гүлдер өсіп тұр. Ойын алаңында балалар әртүрлі ойындар ойнайды. Ал мектептің ішінде сынып бөлмелері өте көп. Сондай-ақ кітапхана, асхана, спорт залы, дәрігер бөлмесі бар. Мектепте мұғалімдер білім береді. Тазалықшы апайлар мектептің тазалығын қадағалайды.
«Мектеп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Балаларды «кейіпкер», «мазмұн», «оқиға» сөздерімен таныстыру.
Бағытталған оқыту әдісін жүзеге асыру.
Оқушыларды топтастыру және мектеп тақырыбында қысқаша мәтін беру.
Топтық тапсырма
1 топ.
-Сендер осы мәтінді қалай аяқтар едіңдер?
Адам өміріндегі қызықты сәттердің бірі мектепте өткізген уақыт болып табылады. Мектеп-білім теңізіндегі үлкен кеме. Осы кемеде он екі жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаймыз. Білім алып, таудай болып шығамыз...
2 топ.
Сурет бойынша мәтін құрастыру.
Оқушыларға Оо дыбысы мен әрпін меңгерту.
Оқушылар Оо дыбысына байланысты сөздер ойлап табады, сөйлемдер құрайды.
Жазу үлгісіне Оо әрпін жазады.
Сөздердің ішінен о әрпі бар сөздерді тауып, астын сызады.
Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақша Махаббат хикаясы: Өмір жолын бірге, қол ұстасып өтерміз



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle