Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелер жазу Сс дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Мектеп туралы әңгімелер жазу Сс дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )



Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгімелер жазу. Сс дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттары: (ОБ сілтеме)1.2.6.1мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Сабақ мақсаттары: Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.
Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді.
Сабақ барысы: (Ұ) Балалар шеңберге жиналады.
Балалар өздерінің қай мектеп оқушылары екені туралы әңгімелейді.
- Балалар сендерге мектепте оқыған ұнай ма?
- Ендеше бүгін мектеп туралы өлеңдер,әңгіме оқимыз, жазамыз.
(ОТ) Кітаппен жұмыс.
Мектебім - айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Сан рет қайталадым,
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп,
Қалуға ұялмаймын.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Сергіту сәті
Мен гүлдерді жұмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Ұстазымды сыйлаймын.
(МК) Жазылым дағдысын қалыптастыру.Сөйлемдерді дәптерге жазу.
Балалар мектепке келді. Олар сабақ оқып отыр.Мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне қатысамын. Бүгін бізге бес сабақ.
- Қалай ойлайсыңдар, бұл оқылған мәтін бе, мақал ма, ертегі ме?
- Мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Балалар қайда келді?
- Мектепте қандай үйірмелер жұмыс істейді?
- Сен қандай үйірмеге қатысасың?
Мақалды дұрыс құрастырып оқы. «Шашалған сөздерді орнына қой»
Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.
Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Оқушыларға С с дыбысы мен әрпін меңгерту.
Оқушылар С с дыбысына байланысты сөздер ойлап табады, сөйлемдер құрайды.
Жазу үлгісіне С с әрпін жазады.
Сөздердің ішінен С с әрпі бар сөздерді тауып, астын сызады.
Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle