Әдептілікке үйренейік Сөз (1 сынып,1 бөлім )

 Әдептілікке үйренейік Сөз (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Әдептілікке үйренейік.Сөз
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: 1.1.1.1.Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу,сөз,сөйлем,мәтін)ажырату,мазмұнын түсіну.
1.2.5.1.Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоюы.
1.1.4.1.Мәтіннің мазмұнын тақырыбы арқылы болжауы.
1.1.5.1.Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу.
1.3.8.1. Әріп элементерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:Суреттен көріп тұрғандарын айтады. Тыңдаған өлеңде не туралы айтылғанын айта алады.
Сабақ барысы: (МК;Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз»
Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне жылы лебіз айтады.
(МК;Ұ) «Ойлан-жұптас-талқыла»стратегиясы
Өлеңді тыңдату
Ләйлә Мамытбекова
Бөбектерім,оқы,ойна.
Оқу-білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Қолыңды жу,тырнағыңды ал,
Мұрыңды сүрт орамалмен.
Кешігіп қалмай мектепке бар,
Алысып жүрмец балалармен.
Ата-ана,мұғалімге
Қарсы келмей,әдепті бол.
Өтірік айтпа,үйрен шынға,
Тілейтінім сенен сол.
Топта өлең шумағын суретпен сәйкестендір.
Сұрақ-жауап әдісі
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Өлеңдегі әдептілік ережелерін суреттерге сүйеніп айтып көр.
-Сен осы ережелерді орындап жүрсінбе?
Оқулықпен жұмыс
Сюжетті сурет бойынша көргендерін айтады
Сәлемдесу,қоштасу сөздерін тыңдату.
Қаншалықты әдептілік,сыйластық жайлы білетіндерін тексеру.
Берілген сурет мазмұнына сәйкес сәлемдесу,қоштасу сөздерін таңда.
Жұппен жұмыс
-Привет!-Салем!-Hello!
-Қайырлы таң! - Сәлеметсіз бе?!-...
-Қайырлы күн! - Здравствуйте-...
Дәптермен жұмыс
Берілген тапсырманы орындату.
Дәптердегі суреттерді бояу.
Әріп элементерін каллиграфиялық талаптарға сай жаздыру.
Жұппен жұмыс
«Сұрақтарды жауаптармен толықтыр»ойыны
-Кітабыңды қалай ұстайсың?
- . . . ...
-Үсті –басың таза болу үшін не істейсің?
- . . . ...
-Мектепке кешікпеу үшін не істейсің?
Сұрақ-жауап әдісі
-Бүгінгі сабақта қандай өлең өттік?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Өлеңнің негізгі идеясы не туралы?
-«Сіз деген –әдеп,
Біз деген –көмек» мақалдың мазмұнын қалай түсінесіңдер?
Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір ұсыныс».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 818



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!