Ии дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

 Ии дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Ии дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаты: 1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып,баяндау;
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/ мәтін құрастыру және жазу.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар білуге тиісті:
И дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіре біледі.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып біледі.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Сюжетті суреттің көмегімен мәтінді құрастырады.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Суреттің көмегімен мәтінді баяндай,дәлелдеулер жасай алады.
Сабақ барысы: (МК;Ұ) Психологиялық дайындық.
«Көк тудың желбірегені» ән әуеніне қосылып айтады.
Топқа бөлу
Оқушылар тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) арқылы топқа бөлінеді.
І топ: Дыбыс.
ІІ топ: Буын
ІІІ топ: Сөз
IV топ : Сөйлем
Тілдік бірліктерді еске түсіру мақсатында дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы сұрақтар қойып, әр берілген жауапқа көк жалауша беру.Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін тойлағалы жатырғанымызды оқушылардың есіне салу.
Электронды оқулықтан инелік туралы видео жіберіліп, И дыбысы туралы еске түсіріледі. 1.(ТЖ) 1. Мәтінді оқу;
2. Мазмұнын айту;
3. Рөлге бөліп оқу;
4. Ши туралы не білесің?
(МК;Ө;Қ)Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндайды. «Ши» сөзінің мағынасы You Tube сайтынан видео көрсету арқылы түсіндіріледі.
Әр топтан жауап берген оқушы жалаушамен бағаланады.
Интертақтадан шидің сөздіктегі анықтамасы көрсетіледі.
2.(ТЖ) 1- топқа оқулықтағы 2-тапсырма беріледі.
Ойлан,тап.
Қайсысының мекені ? Оқулықтағы «тышқан», «ит», «тиін», «қасқыр» сөздеріне оқушылардың назарын аударып, «қуыс», «ін» суреттері бұлардың қайсысына тиесілі екендігін анықтайды.Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтайды. Қуыс – бір нәрсенің ішіндегі бос жер немесе ойық;
Ін- жерді үңгіп,қазып жасаған, жабайы аңдар жататын орын,үңгір
2. (ТЖ)
Салыстыр
2- топқа оқулықтағы 3-тапсырма беріледі.
Суреттерді салыстырады. Бұлардың бір сөзбен неге ине деп аталатындығын сөздіктен анықтайды.
3. (ТЖ) 3- топқа оқулықтағы 4 -тапсырма беріледі.
Ойлан,тап.Оқушыларға сөзжұмбақты шешу жолдары түсіндіріледі.Суреттегі заттардың атын атап, буындық,дыбыстық талдау жасайды.
4. (ТЖ) Ойлан,жаз!
4 топқа 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде «Кластер» әдісімен құрамында И дыбысы кездесетін 16 сөз тауып жазуға тапсырма беріледі. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 290



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?