Өлең жазу (1 сынып,1 бөлім )

 Өлең жазу (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы: Өлең жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы
на сілтемеу) сөз/сөйлем сызбасын оқу, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту, дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар білу керек:
Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Өлеңнің ұйқасын табады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөз еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды.
Сабақ барысы: Таңғы шеңбер:
Орнымыздан тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Қазақ тілі ұнайды,
Қара, тыңда, орында.
Кейін сеннен сұрайды.
«Ойыншықтар» әнін тыңдау, айту, қарап оқу. Бұл өлең, сөздер ұйқас. Талдау жасау, қарапайым сөйлем ретінде құрастырып, сызбасын жасау. (1 шумаққа)
Бүгін біз де ұйқасымен сөйлеп көреміз
«Ұйқасын тап» ойыны
(Ұ)-Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
-Ендеше қазір сендермен ойын ойнаймыз.
Мен сендерге басын айтамын, ал сендер ұйқас сөзді тауып аяқтау керексіңдер..
-Ра,ра,ра оқулыққа .....
Қы,қы,қы мәтінді ......
Аз,аз,аз, дәптеріңе .....
Ер, ер, ер, сұраққа жауап .....
Қы,қы,қы сабағыңды ....
Ол, ол, ол- жақсы бала .....
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар оқиды, ұйқасын табады.Өлең екенін айтады.Хормен оқиды. Әндетіп те оқиды.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді қараңдаршы, бізде не пайда болды?
(МК) Зат жасыру:
Оны адамдар қолданады, онымен шашты түзейді. Ол әртүрлі болады. (тарақ)
Хормен айтқызу: Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге көркем жазу сәтін өткізу.
(Ұ) Т әрпіне байланысты өлең шығару
Та,та,та
Келе жатыр ....
Ет, ет, ет
Мақсатыңа ....
Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушыларға өздеріне ұнайтын заттың атының бірінші әрпін немесе толық сөзді жазуды тапсыру.
(Ө) «Тізбек» ойыны
Мұғалімнің іс-әрекеті:Тақтаға тақырыпқа сай сөз жазылады. Оқылады, соңғы әрпі анықталады.Бұл соңғы әріп келесі сөздің бастапқы әрпі болатыны түсіндіріледі.
Оқушылардың іс-әрекеті:
Оқушылар жазылған сөзді оқиды.Соңғы әрпін анықтап, сол әріптен басталатын сөз ойлап табады. Дәптерге жазады. Сөз жаза алмаған оқушы сол дыбыстан басталатын буын немесе әріпті жазуы керек. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 924



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!