Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

 Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау
Сабақтың мақсаты: 7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ой шақыру. Суретті сөйлету
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Мағынаны тану кезеңі
Оқылымалды тапсырмасы
Жаңа сөздерді меңгерту
Маңызды Важно
катаклизма бедствие
дауыл шторм
зардап шегу пострадать
табиғат апаты природное бедствие
төтенше жағдай режімі режим чрезвычайной ситуации
енгізу введение
жарықсыз қалу остаться без электричества
зардап шегу пострадать
жәрдем көрсету помочь
Жеке жұмыс
Мұғалім лексикалық минимумда ұсынылған сөздерді түрлі түске бояп интербелсенді тақта арқылы оқушыларға таныстырады. Тақтаны отыз секундтан кейін сөндіреді. Ескерту: тақтаны сөндіруі туралы алдынала айтылмайды. Оқушылар берілген уақыт ішінде мұқият қарап, есте сақтаған сөздерді дәптерлеріне жазуы тиіс. Тақтаны екінші рет он бес секундқа қосып, жоғарыда айтылған әрекеттерді қайталайды. Сөздерді ең көп әрі дұрыс жазып үлгерген оқушыға шапалақ соғып қошемет көрсетіледі. Тақта үшінші рет қосылғанда сөздердің дұрыс жазылуы тексеріледі. Балалар аудармасын өздігінен іздеп, дәптерге жазады.
Оқылым тапсырмасы
Жұптық жұмыс
«Климаттық өзгерістер» тақырыбында екі мәтін ұсынылады. Бірі - ресми-іскерлік стильде, екіншісі – публицистикалық стильде. Оқушылар мәтіндермен танысып, тілдік ерекшелігі мен айырмашылығын анықтап, Венн диаграммасына түсіреді.
1-мәтін
ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Климаттық өзгерістер мен дауыл салдары
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Осы аптада халықаралық панорамадағы маңызды тақырыптардың бірі табиғи катаклизманың орын алуы болды. Жексенбі күні қуатты дауыл АҚШ-тың Оклахома-Сити қалашығының үстімен өтіп адамдарды әуре-сарсаңға салды. Апат салдарынан 21 адам мерт болып, 370-тен астамы зардап шекті. Шамамен 1,2 мың ғимарат қирады.
Мұндай дауыл Еуропа аумағын да сарсаңға салды. Румынияда қатты дауыл салдарынан жарақат алған 18 адам ауруханаға жеткізілді. Украинаның да бірнеше облыстарында қатты жел соғып, электр тарату желілері үзілді, ағаштар мен бағандар құлады. Тосын табиғи апаттан бір адам қаза тауып, жүздеген елді мекен жарықсыз қалды. Ғалымдардың пайымынша, ғаламшардағы климаттық өзгерістер өте қауіпті метеорологиялық құбылыстардың санының артуына әкеледі. Оған қуатты дауылдар да жатады. Жалпы, ғалымдар климаттық өзгерістерге байланысты жаңа табиғи катаклизмалардың орын алуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
2-мәтін
Климаттың өзгерулері
Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері.
Зерттеулердің негізінде анықталған климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.
Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам-бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін.
Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Жеке жұмыс
Төмендегі кестені толтырады
Білемін Білдім Білгім келеді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 942



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!