Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт мақал-мәтелдерде №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт мақал-мәтелдерде №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )



Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт мақал-мәтелдерде №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2. Эссе жазу
7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Эссе тақырыпқа арналған;
Эссе кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бар.
Оқушылардың көпшілігі
Эссе сұраққа жауап берген;
Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат берілген;
Негізгі бөлімде мәселенің себептері мен оған автор көзқарасы берілген.
Қорытындыда автордың мәсеені шешуге ұсынысы берілген.
Оқушылардың кейбірі
Эссе сұраққа нақты жауап берген;
Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат, мысалдар, қорытынды берілген;
Негізгі бөлімде мәселеге аргумент пен контраргумент, олардың себептері мен оларға автор көзқарасы (келісу/келіспеу) берілген.
Қорытындыда ойы жинақталып, ұсынысы берілген.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Жұпта тақырыпқа ену үшін мақалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
• Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
• Елу жылда ел жаңа.
• Адамды заманы билейді.
• Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
• Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.
• Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.
• Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
• Жан жарасына уақыт емші.
Берілген мақалдың астарлы мағынасы қандай деп ойлайсыз?
Мақалдың мәніне өмірден мысал келтіре аласыз ба? Қандай?
Сіз осы мақалдың мәнімен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Неге?
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.
Тапсырма:
1. «Елу жылда ел жаңа» деген мақалдың мәні қазіргі өмір үшін қаншалықты маңызды деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді эссе түрінде жазыңыз. Көлемі – 110-120 сөз.
2. Эсселеріңізді жетістік критерийлері бойынша тексеріңіз. Жұбыңызға кері байланыс беріңіз.
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle