Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт алтыннан қымбат №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт алтыннан қымбат №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт алтыннан қымбат №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.ТБ1.4.
Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Мәтіннен кейбір одағайларды түрлеріне ажырата алады;
Сахналық көріністе одағайлардың кейбір түрін қолдана алады.
Мәтін мазмұнын аша алды.
Оқушылардың көпшілігі
Мәтіннен барлық одағайларды түрлеріне ажырата алады;
Сахналық көріністе одағайлардың көп түрін қолдана алады.
Мәтін тақырыбын аша алды.
Оқушылардың кейбірі
Мәтіннен барлық одағайларды түрлеріне ажырата алады;
Сахналық көріністе одағайлардың барлық түрін қолдана алады.
Мәтін идеясын аша алды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Оқушылар сандықшадан кезекпен қағазды алып, онда жазылған одағайдың көңіл-күйін жеткізіп, айтады.
Тыңдаған оқушылар одағай түрін анықтайды.
Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:
Көңілді болғандай қандай одағайларды қолданамыз?
Көңілсіз болғандай қандай одағайларды қолданамыз?
Үй жануарларын шақырғанда қандай одағайларды қолданамыз?
Ұрысқанда қандай одағайларды қолданамыз?
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.
Тапсырма №1
Мәтінді оқыңыз;
Мәтіннен одағайларды тауып, тыныс белгісін қойыңыз;
Одағайларды 3 мағыналық тобына бөліп жазыңыз;
Бірін-бірі бағалау;
Тапсырма №2
Топта сахналанған полилог дайындаңыз;
Сахналық көрініс талаптары:
«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбына арналуы;
Көңіл-күйді көрсете алу;
Одағайдың барлық түрін көрсете алу;
Көрініс уақыты - 1 минут.
Тыңдаған топтардың кері байланысы.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Көріністің идеясы қандай? Топ оны қаншалықты жеткізе алды? Себебін түсіндіріңіз.
2. Одағайлар мағынасына сай қолданылды ма? Себебін түсіндіріңіз.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle