Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы:Демалыс күні туралы әңгімені жазу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер / сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: суретті жоспар және сұрақтар негізінде мұғалімнің қолдауымен шағын мәтінді мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: суретті жоспар және сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: суретті жоспар және сұрақтар негізінде шағын мәтінді жүйелі мазмұндайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.
• бүгін нешесі?
• бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
• ауа райы қандай?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ұ) «Кім көп біледі?» Оқушылар берілген сұрау есімдіктерімен жылдам сұраулы сөйлемдер құрастырады.
Не?
Немен?
Не істеді?
Қалай?
(Ө,Ж) «Ойлан, айт» Оқушылар берілген суреттер мен сұрақтарға сүйеніп, әңгіме құрастырып айтады.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту.
Жазғы демалыс басталды. Сен отбасыңмен саяхатқа шығасың.
1) Саяхатқа сен қалай дайындалдың?
2) Сен саяхатқа немен шықтың?
3) Сен қайда келдің? Не істедің? Демалыс саған ұнады ма?
Дескриптор:
• жүйелілікті сақтайды;
• сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
• тілдік нормаларды сақтайды.
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
• мен мәтін құрастырдым
(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар басқы және соңғы сөйлемі жазылған мәтіннің негізгі бөлімін жазады. Оқушыларға мәтінде қамтылатын мәселелер тізімі ұсынылады. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға қамтылатын мәселелер сұрақ түрінде беріледі. ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle