Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте (2 сынып, IV тоқсан )

 Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Cаяхат»
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылығын ояту.
(Ұ) Мұғалім өткен сабақтың тақырыбы бойынша сөздерді қорапқа салып қояды. Оқушы сөздерді қораптан алып, сөйлем немесе сөз тіркесін құрастырады.
СӨЗДЕР: карта, күнделік, мұражай, көрме, аялдама, сауда үйі, алдында, жанында, ортасында, ішінде.
Сіздер мектепке немен келесіздер?
Оқушылардың сұраққа жауаптарын тыңдау.
Сабақтың тақырыбы: Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте.
Сабақтың мақсаты:
• Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
• Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Сабақтың ортасы
(Ұ) «Көлікте» тақырыбына қатысты сөздік жұмысын жүргізу.
Артқы есік, алдыңғы есік, жолақы, орын, аяғын баспау, шашпау
(Ұ) Талқылайық.
Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.
1. Жолаушылар қай есіктен кіреді және қай есіктен шығады?
2. Жол жүру үшін не төлеу керек?
3. Автобустың ішінде құлап қалмау үшін неден ұстау керек?
4. Үлкен кісі көрсең, не істер едің?
5. Автобуста балалар қандай тәртіп бұзды?
(Ж) Жұппен талдау. Оқулықтағы берілген тапсырманың дұрысын/ бұрысын анықтайды және себебін түсіндіреді.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс артикуляциялауын тексеру.
Ережесі бар кітапша жасау. Кітапшаны қалай жасау керек туралы нұсқаулықпен танысу.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 956



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі