Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

 Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем (3 сөйлемнен кем емес)/ сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен өзара байланысқан сөйлем жазу
Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлем жазу
Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлемдерді еркін жазу.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.
• бүгін нешесі?
• бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
• ауа райы қандай?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ұ) «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар сөздерді айнала жүріп, әуен тоқтаған кезде қасындағы сөзбен сөйлем құрастырып айтады.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздермен сөйлем құрастыру дағдысын жетілдіру.
• таңертең
• кеше
• кешке
• күндіз
• түнде
• ертең
• салқын
• кию керек
• жаңбырлы
• боранды
(Ж) LearningApps бағдарламасымен жұмыс. Оқушылар сөйлемдерді оқып, бос орынға тиісті сөзді қояды. Өзін-өзі тексереді.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, сөздердің жазылуына назарын аудару.
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды
Сары түс – аздап қиын болды
Қызыл түс – қиын болды.
(Ө) «Мен білемін!» Оқушылар берілген тапсырмалардың біреуін таңдап орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай сараланған.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын дамыту.
ІІІ ДЕҢГЕЙ. Сөйлемдерді аяқтап жаз.
1. Бүгін күн ыстық, сондықтан ......................
2. Бүгін ............................, сондықтан жылы киім кию керек.
3. Ертең боран соғады, .........................................................
4. Ертең ................, сондықтан ..........................................
ІІ ДЕҢГЕЙ. «Адасқан сөздер». Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.
1) ертең / жауады / соғады / қар / боран / және
2) ыстық / кию керек / күн / болады / жеңіл киім / сондықтан
3) ал / күн / күндіз / болады / кешке / болады / бұлтты / салқын
4) кеше / қар / жауды / жаңбыр / жауады / ал / ертең
І ДЕҢГЕЙ. Берілген сөздермен сөйлем құрастырып жаз.
Киім, ыстық, кеше, ертең
Дескриптор:
• сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
• сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
• сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
• әдемі және қатесіз жазады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 008



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі