Балаларға арналған тақпақтар оқу (2 сынып, III тоқсан )

 Балаларға арналған тақпақтар оқу (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтар оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді
2.2.1.1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: оқыған өлеңнің мазмұнын түсінеді. Тақырып бойынша сөйлемдер құрайды.
Көбі: оқыған өлеңдегі бейнелі сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап айтады.
Кейбірі: өлеңнің идеясын анықтайды, анасы туралы өлең жазады.
Сабақ барысы: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Балалар мен қазір не оқыдым?
Тақпақ кім туралы? Сонымен бүгінгі сабағымызда не оқимыз?
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған өлеңнің мазмұнын түсінемін.
Өлеңдегі бейнелі сөздерді әңгімемде пайдаланамын.
«Бірлесіп оқу» әдісі
Ана
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек
Сый берер ек талай біз.
Өлеңдегі сөздердің мағынасын мағынасы ұқсас сөздермен, сурет арқылы меңгерту
Мейірлі- мейірімді
Жүзіне-бетіне
Жомарт- бізге бәрін береді
Жанға- адамға
Балаймыз-ұқсатамыз
Елжіреп қарайды- жақсы көріп қарайды
Құшақ ашса- құшақтаса
Сый – сыйлық
Талай –көп рет
 Тақпақ кім туралы?
 Анамыздың жүзі қандай?
 Ана қандай адам?
 Бетімізден сүйіп, қандай сөз айтып еркелетеді?
 Тақпақ саған ұнады ма? Не себепті?
Өлеңді тізбек бойымен бір шумақтан оқу
Оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалау:
• балаларға арналған жеңіл өлеңдерді оқу және түсіну;
• мәтінге қатысты қарапайым сұрақтарға жауап беру;
• мәтін туралы басқалардың ойын тыңдау;
• қарапайым сөздер/тіркестерді түсіну.
Сергіту сәті
Әр қадам жасаған сайын анасы туралы бір жақсы сөз айтады. Барлығы 7 қадам жасайды. Ең көп айтқан бала жеңімпаз болады.
(Ө, Қ) Анасының суретін салып, анасы туралы айтып береді (сырт келбеті, мінезі, еркелететін сөздері).
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өлең туралы пікірін айтады, өз анасы туралы әңгіме құрап айтады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 674



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?