Ертегілер оқу (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

 Ертегілер оқу (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Ертегілер оқу (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.4.1 мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация / постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру
2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша / жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.
Көптеген оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.
Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді, шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сұрақтар мен жауаптар» ойыны. Ертегі мазмұнына қатысты сұрақтарға жылдам жауап береді.
• Мысық кімге жұмыртқаны береді?
• Мысық жапырақты кімге береді?
• Мысық кімге сағызды береді?
• Мысық кімге сүтті береді?
• Мысық сиырдан кейін кімге барады?
• Мысық тауықтан кейін кімді көреді?
• Мысық дүкеншіден кейін кімге барады?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) «Мен білемін!» Оқушылар берілген сөйлемдерді оқып, қарамен белгіленген сөздерге сұрақ қояды. Осылайша шығыс септік сұрағы мен қосымшаларын меңгереді.
(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар берілген сөздерге шығыс септік қосымшаларын жалғап жазады.
Сиыр........ сүт алады.
Дүкенші....... сағыз алады.
Тауық......... жұмыртқа алады.
Тышқан........ тары алады.
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Нақты ненің қиын, ненің жеңіл болғанын айтады.
- жеңіл болды
- аздап қиындау болды.
- қиын болды.
(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар орны ауысып келген сөздерді ретімен қойып, сұраулы сөйлемді дұрыс құрастырады. Сұраққа жауап жазады.
Тапсырманың мақсаты – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, сұрау есімдігінің формасына байланысты жауап сөзді түрлендіруді меңгерту. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 853



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!