Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, еркін қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
(Ұ) «Ойлан, тап»
Қазақ әліпбиін қолданып, тақырыпқа қатысты «Денсаулық» сөзін шығару.
(7, 8, 18, 28, 1, 30, 16, 37, 15)
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) «Суреттер сөйлейді»
Презентацияда берілген сөздерге сәйкес келетін сөздер мен сөз орамдарын дұрыс табу. Сөздікпен жұмыс жүргізу. «Дені сау адам болу үшін ....» ойды жалғстырып сөйлемдер айту.
(Ж) «Жүйрік болсаң, озып көр!»
«Атом» ойыны арқылы оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптарда берілген сөздерді қолданып өз сөйлемдерін құрастырады. Топ алдында ең үздік сөйлемдерді таңдап алады.
 Денсаулық
 Дұрыс тамақтану
 Спортпен шұғылдану
 Тазалықты сақтау
 Қолды жуу
 Жуыну
 Шынығу
 Жаттығу жасау
(Ұ) Сергіту сәті
Бейнематериалда берілген әуенге сай қимылдар жасайды.
(Т) «Топтастыру»
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа бірдей сөздер таратылып беріледі. Оқушыларға берілген суретке сәйкес келетін сөздер мен сөз орамдарын ажыратып жапсырады. Өз сөздерімен қысқаша мәтін құрастырып көреді. .....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle