Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі  түрлі жағдайлар туралы жазу (2 сынып, II тоқсан )



Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі түрлі жағдайлар туралы жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Фонетикалық жаттығу.
Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға жаз.
(Ұ) Оқушыларды жазу әрекетіне дайындау үшін «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздікті қайталау; «Мектеп сөздігі» әліпби ойыны. Оқушылар шеңбер бойлай отырып, әліпби ретімен кезек-кезек мектепке қатысты сөздерді айтады. Мысалы, әліпби, кітап, дәптер, есік, компьютер. Сөз таба алмай қалған оқушы ойыннан шығып отырады. Соңғы қалған үшеуі – жеңімпаз.
(МК) Үлгі бойынша мектеп пәндері туралы біраз сөйлем айту және жазу. Мысалы, Мен…ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Мен… біршама ұнатамын, Мен… шынымен ұнатамын, Мен… ұнатпаймын, Менің сүйікті пәнім… .
(Ж) Жұптарда оқушылар келесі тапсырманы жазуға дайындалу үшін қай пәнді ұнататынын/ ұнатпайтыын т.б. талқылайды.
(Ө, Қ) Мұғалім. Көрсеткен үлгіні қолдана отырып, мектеп пәндері туралы сөйлемдер жазады.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жай сөйлемдерде бас әріптер мен нүктелерді және сұрақ белгілерін қолдану арқылы өздерінің жеке әңгімелерін жаза алады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар суретті әңгімені бір немесе екі сөйлеммен жаза алады.....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle