Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі түрлі жағдайлар туралы оқу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі түрлі жағдайлар туралы оқу №2 (2 сынып, II тоқсан )



Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі түрлі жағдайлар туралы оқу №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажырату
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
2.3.4.1 мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады. Мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің бағытымен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады. Мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.
Кейбір оқушылар: өз бетінше мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады. Мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) -Балпанаққа қандай ескертпелер берер едіңдер?
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
(МК) Балаларға сұрақтар қою.
- Көп кітаптар қай жерде болады?
- Кітапханада.
- Кітап беретін адам ол кім?
- Кітапханашы.
- Оқулықтағы суретке қарайық. Балалар кітапханаға келді. Кітапты қалай сұрайды? Көмектес.
Қажетті сөздерді диалогта қолдану.
Өтінемін, кешіріңіз,шығуға бола ма? рахмет, тәртіпті бұзбау, көмектесіңізші, қай сөреде? қызық кітап, қашан тапсырамын?
(Ж) Оқушылар жұптық жұмыс істейді.
(Ұ) Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
Жанр бойынша бұл не? Мәтін бе, жұмбақ па, өлең бе, жаңылтпаш па, әңгіме ме? Неге?
Жексен
Жексенді сыныптастары «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды.Сабақта тыныш отырмайды. Қасындағы балаларға үнемі кедергі жасайды.Оқу құралдарын үйіне тастап кетеді. Сабаққа кешігіп келеді.
(Ж)Сұрақтарға жауап береді.
1. Жексен қандай оқушы?
2. Жексенді тәртіпсіз деп айтуға болады ма?
3. Жексенде қандай жаман әдеттер бар?
4. Жексенге не айтар едің?
5. Көптік жалғаулары бар сөздерді табыңдар.
Дескриптор:
• Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Жұптар бірін-бірі бағалайды.
СЕРГІТУ СӘТІ
Шаршадым «Ух!»дедім,
Ренжідім «Тух!» дедім.
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Ах!» дедім.
Шарасыз «Ех!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім.
Біліп ап, «Ә!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!»дедім......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle